Алаяқтық жөнінде мақала:

Алаяқтық жөнінде мақала:

              Алаяқтың қоғамға қауіптілігі – бұл алдау немесе сенімге қиянат жасау нәтижесінде болатын қылмыс деп түсінуге болады. Пайда  күнемдік қасиеттер адамдар арасында кең тараған,  алдау мен жалған мәлімет айту – қазіргі күні қиынға  соқпайды. Алаяқтық- бұл жәбірленушіні алдап, пайда алу тәсілі.  Қазіргі таңда алаяқтықты ауыр қылмыстар қатарына жатқызуға болады. ҚР ҚК- 190 бабына сәйкес, алаяқтық –алдау және сенмге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау болып табылады. Өмір болған сон көптеген жағдайлар басымыздан өтері анық. Әркім ертеңгі өміріңде қандай жағдай күтіп тұрғаның білмейтіні түсінікті нарсе. Қазіргі дамыған елде  кейбір адамдарымыздан  көп нарсе күтуге болады. Әрине бұған көбінесе баратын адамдар адами қасиетті  оңша түсіне білмейтін және ар –ождан безген,  без бүйрек адамдар десек қателеспейміз. Алаяқтықтың жайғана бір түріне мысал келтіретін болсақ: Алаяқтық кезінде алдау ауызша, және жазбаша түрде болады. Алдау бөтен мүлікті жымқыру немесе бөтен мүлікке құқықты иемдену мақсатында алаяқтық жасау тәсілі болып табылады. Ауылдан оқуға жаңа келген студенттер арасында алданып осы алаяқтықтың құрбаны болған студенттеріміз  қанашама. Ауылдан басқа еш нарсе көрмей тек оқуға тегін түскен студенттеріміздің бір шамасы қалада пәтері жоғына қарамастан, қалада  пәтер жалдау үшін, қалтасына ата- анасының салып жіберген соңғы ақшасын ешқандай келісім –шарт жасамастан пәтерді жалға алып , бір қала алаяқтарының  қармағына түсіп қалуы ғажап емес. Көбінесе олар пәтерлерді қалай жалға береді? Ең бірінші басқа пәтерлерге қарағанда біраз  арзан қылып газеттерге немесе ғаламторларға жарнамалайды. Өздерін тым асығыс бір жаққа кетіп бара жатқан сынайы кейіпте болады. Сөйтіп өздері жалға алған үйдің иесісіз  өздері сыртынан сол адамның рұқсатыңсыз пәтерін жалға бере салтын адамдарда жетіп артады. Ғаламтордан, газеттерден жарнаманы байқаған студент тез хабарласып арзан бағасын көріп тез алып қалу үшін, барлық ақшасын акеліп ешқандай келісім-шарт толтырмастан қолма –қол ақшаға келісіп пәтерге тез орналақысы келген студент ақшасынан және пәтерден айырылып қалғанын кейін түсінеді. Сөйтіп ақшасын алған адам келісім- шартқа отырмаған соң,  ұялы телефоның алып сөндіріп, ақшаны қалтасына жымқырып басқа қалаға қашып кететін жандарымызда бар. Осындай жағдайларға түспес бұрын адамды жақсы тани білуіміз қажет. Сонымен қатар  пәтер жалдамас бұрын ең алдымен үйдің қожайынымен келісім- шартқа отыруымыз қажет.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының қоғамдық тәжірибе маманы И. Ержанова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив