Ерте некелесудің ертеңі күмәнді

Ерте некелесудің ертеңі күмәнді

Өмірде болып жатқан қателіктер мен түсініспеушіліктер көбіне адамдардың өз құқы мен Ата заңын білмеуінен туындайды. Соңғы кездері отбасын ерте құру мәселесі бойынша жиі пікірталастар туындап жүр. Бұған себеп, 15 жастағы жасөспірімдердің шаңырақ көтерулері болып отыр.

Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңында неке және отбасы қатынастарын реттеу мақсаттары мен міндет, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды. Отбасы дамуын елдің әлеуметітк саясатының басым бағыты ретінде көрсете отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Заң бойынша ер азаматтар мен әйелдер үшін неке жасы 18 жастан басталады. Десе де заң екі жағдайда бұл жасты төмендетуге мүмкіндік береді. Біріншісі – қыз жүкті болғанда, екіншісі – ортақ бала болған кезде. Неке қиюмен және оны тіркеумен айналысатын орган шаңырақ құруға болатын жасты екі жылға, яғни 16 жасқа дейін шегере алады.

Неке жасын төмендету үшін ерлі-зайыпты болуға ниет білдіріп отырғандар және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, өтініш жазуы керек. Бұған тек болашақ ерлі-зайыптының келісімімен ғана жол беріледі. Ал кәмелет жасына толмағандар арасындағы немесе неке жасына толған адам мен толмаған адамға тұрмыс құруға рұқсат кәмелетке толмаған адамның ата-анасы не қамқоршысының жазбаша келісімімен ғана беріледі.

Некелесуге бір жынысты адамдардың, басқа тіркелген некесі барлардың, жақын туыстардың арасында, бала асырап алушылар мен асырап алынған баланың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған бала арасында, соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың бреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.

С.Танатарова, БҚО, Жаңақала аудандық сотының бас маманы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив