Сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау

Сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау

Атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындату барысында «Атқарушылық іс жүргізу және және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес өндіріп алушы және борышкер болып табылатын атқарушылық іс жүргізудің тараптарында сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне дау келтіру қажеттілігі жиі туындайды.

Заң шығарушы сондай-ақ сот орындаушысының жекелеген әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) құқықтары мен заңды мүдделері қозғалды деп санайтын үшінші тұлғаларға сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасауға құқық бергенін атап өту қажет.

Жалпы жеке сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау Азаматтық процестік кодекстің 250-бабымен регламенттелген.

Шағым аумақтық учаскенің сот орындаушысы қызмет көрсететін сотқа не жеке сот орындаушысының тіркелген жері бойынша берiледi.

Өтініш берушіге оның сотқа жүгінуге құқығы бар процестік мерзімінің болуын, атап айтқанда, сот орындаушысының әрекеттеріне шағым шағым жасалатын әрекеттер жасалған  күннен бастап немесе сот орындаушысының әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабардар етілмеген өндiрiп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгiлi болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей сотқа беруге жататындығын назарға алу қажет.

Сотқа берілетін шағым өзінің нысаны бойынша Азаматтық процестік кодекстің 148-149-баптарында көзделген белгілі талаптарға сәйкес болуы тиіс, атап айтқанда, шағымда шағым берілетін соттың атауы көрсетілуі тиіс. Өтініш берушінің өзі туралы мәліметтер, атап айтқанда, оның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұрғылықты мекенжайы, жеке сәйкестендіру коды (ЖСН), ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (ол болған жағдайда) туралы мәліметтер.

Шағымда сондай-ақ әрекеттері шағымдалатын сот орындаушысы туралы ұқсас ақпарат, сонымен қатар соттың берілген шағымды қарауы кезінде мүдделері қозғалатын атқарушылық іс жүргізуге өзге де қатысушының (өндіріп алушының, не борышкердің) мәліметтері көрсетілуі тиіс.

Шағымда сот орындаушысымен жіберілген, өтініш берушінің заңмен қорғалатын құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға әкеп соққан бұзушылықтарының мәні баяндалуы тиіс.

Сотпен іс жүргізуге қабылданған шағым істі сот талқылауына дайындау аяқталған сәттен бастап он жұмыс күн ішінде, сондай-ақ сотпен іс жүргізудегі он жұмыс күні ішінде қаралуға жатады, көрсетілген мерзімдер ұзартылмайды.  

Соттың сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау уақыты мен орны туралы атқарушылық іс жүргізудің тараптары және сот орындаушысы  мерзімінен бұрын хабардар етіледі, алайда олардың келмеуі шағымды шешу үшін кедергі болып табылмайды.

Сот сот орындаушысының әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз деп тану туралы шағымды қарастыра отырып, сот орындаушысының әрекеттеріне, олардың «Атқарушылық іс жүргізу және және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының нормаларына және Сот орындаушыларының қызметін регламенттейтін өзге де заңнамалық актілерге сәйкестігіне құқықтық баға береді.

Сот шағымды дәлелді деп тани отырып, сот орындаушысының әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз деп тану туралы шешім шығарады және сот орындаушысын жіберілген бұзушылықтарды толық көлемде жоюға не тараптардың бұзылған құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін өзге де тәсілмен қалпына келтіруге міндеттейді.

Егер сот шағым жасалған әрекеттерді (әрекетсіздікті) сот орындаушысымен Заңға сәйкес, оның өкілеттіктері шегінде жасалды, бұл ретте, атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылған жоқ деген қорытындыға келсе, шағымды қанағаттандырудан бас тартылады.

Сотпен қабылданған шешімге заңда белгіленген тәртіпте шағым жасалуы мүмкін.

Сержан Щеглов

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив