Кеңсе соттың айнасы

Кеңсе соттың айнасы

Сот билігінің халық үшін ашық әрі қол жетімді болуы – Елбасы мен мемлекет тара­пынан қойылып отырған басты талаптардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар әрқашан дами түсуде. Соттағы жаңа ақ­параттық технологиялардың енгізілуі әділ сот пен ел азаматтарының конс­ти­туциялық құқықтарының сақ­талуының негізгі кепілі. Себебі жаңа технологияларды қолдану арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік болады. Жо­ғарғы Сот тарапынан енгізілген сот істерінің анықтамалығы, облыстық соттар­дың ресми сайт­тары, сенім телефондары, сот жүйе­сін­дегі үн-бейне жазба құрыл­ғы­ла­ры, сондай-ақ, сот төр­аға­сының ел азаматтарын он­лайн қабылдауы қазіргі күні ха­лық тарапынан ерекше қолдауға ие болып отыр. Өйткені, төр­ағаның жеке қабыл­дауына келе алмайтын азаматтар өз айма­ғынан, интернет желісі арқылы Жо­ғарғы Сот төр­аға­сымен он­лайн режимдегі қа­был­дауға қа­ты­са алады.

Бүгінгі таңда құжат айналым жүйесі жетілдірілді. Соттарға «Төрелік» құжат айналым ақпараттық жүйесі енгізіліп, күнделікті іс жүргізу аталмыш жүйе арқылы жүзеге асырылуда. «Төрелік» ақпараттық жүйесін енгізудегі негізгі мақсат - іс жүргізу ақпаратын, шығарылған шешімдермен танысу, қаулылармен, сот ұйғарымдарымен және басқа да қажетті ақпараттарды сот ісін жүргізуге қатысушыларымен шұғыл алу. Азаматтар үйлерінде ғаламтор арқылы электронды түрде талап-арыздарын беріп, сол арыздарының қандай сатыда жүріп жатқанын қадағалай алады. Аталмыш жүйе басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуға қолайлы, жүйені пайдаланушыларға тіркеу рәсімі жеңілдетілген, ақпарат алу жүйесі жеделдетілген, барлық тіркеу түрлері онлайн режимінде көрінеді. «Төрелік» ақпараттық жүйесі - сот саласындағы жетістіктердің бірі. Құжаттардың сауаттылығы, түсініктілігі, ұқыптылықпен дайындалуы халықтың сот жұмысын бағалауына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында «Жаңа сот актілерінің банкі» атты сервис іске қосылды. Бұл сервистің басты мақсаты азаматтардың сот төрелігіне қолжетімдігін жеңілдетуді көздейді. Оның міндеті – сот процесінің қатысушылары мен олардың өкілдеріне құқықтық шектеулерді ескере отырып, барлық сот сатыларының сот актілеріне рұқсат беру. Осы сервистің жұмыс істеуінің оң тәжірибесі пилоттық режимде «Жаңа сот актілерінің банкі» кеңейтілген сервисін әзірлеуге және іске қосуға негіз болды. Кейіннен «Сот істері жөніндегі анықтамалық» сервисі «Сот кабинеті» сервисінің құрамына енгізіледі және тек қана тіркелген пайдаланушыларға істердің қозғалысы, іс жүргізу құжаттары және ағымдағы сот актілері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қолжетімді болады. «Жаңа сот актілерінің банкі» «Сот кабинеті» сервисі секілді соттардың тұрғындармен өзара іс-қимылын орнатуға және сот ісін жүргізуді жеңілдетуге бағытталған бірыңғай терезе рөлін атқарады. Сот ісін жүргізу жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу сот органдары қызметінің ашықтығын, сот жүйесі мен сотқа қатысушы адамдардың уақытысы мен материалдық шығынын үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Бұл соттардың ха­лық­қа бір қа­дам жақын болуы бағытында жасалған шаралар­дың бірі. Соттармен арадағы құ­жат айна­лы­мы мәселесі шешіліп, қағаз­дан электрондық форматқа ау­ыс­тырылып, судьялар мен сот қызметкерлері жаңа заман талап­тарына сай жұмысын жүзеге асыруда. Қазіргі күні аталмыш жүйені білмейтін судья немесе сот қызметкері кемде кем. Сот саласында мемлекеттік биліктің өз алдына дербес бір тармағы – сот би­лігінің қалыпта­суына бағытталған түбірлі өзге­рістер жүзеге асуда.
Еліміз егемендік алған кезден бастап, 30 жыл ішінде, жүзеге асырыла бас­таған саяси, әлеуметтік және эко­номикалық өзгерістер ұлттық құ­­қықтық жүйенің, соның ішінде сот құ­рылымы мен сот ісін жүргізудің жаңадан қалыптасуы­на жол ашты. Осындай үдерісті және қарқынды даму жолында еліміздің ары қарай қарыштап дамуы үшін электронды модельге көшу сот қызметін тиімді жүзеге асыру үшін де және ел үшін де аса қажеттілік екені сөзсіз.

 Г.Д.Джанглышбаева 

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының кеңсе бас маманы                                                                

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив