Сот жүйесін оңтайландыру мақсатында енгізілген жаңа қызмет көрсету түрлері

Сот жүйесін оңтайландыру мақсатында енгізілген жаңа қызмет көрсету түрлері

2014 жылғы судьялардың VI съезінде Елбасы сот жүйесін оңтайландыру және халық жеңілдету бойынша берілген тапсырманы орындау мақсатында сот өндірісінде ақпараттық тезнологияларды кеңінен қолдану жұмысы алға қойылды.

   Тапсырма негізінде сот жүйесіне  көптеген тың ерекшеліктерге толы, халыққа қолжетімді және ыңғайлы  қызмет көрсетудің түрлері енгізілді. Яғни, республика соттарының халық қолданатын ғаламтор желісіндегі ресми парақшалары жаңғыртылды. Сайттар бірегей платформалы, олар орталықтан басқарылады, онда орналасқан қажетті ақпараттардың барлығы тұрақты түрде жаңаланып отырылады. Бұрын қолмен жазылатын сотқа шақыру қағаздары электронды түрде алмастырылып, сот процесіне қатысушы  тараптар  SMS-хабарламалар мен электронды поштаға хабарлама алатын болды. Сондай-ақ, кез-келген сотқа қатысушы тарап сотқа шақыру қағазын ресми сайт арқылы басып шығара ала алады.  Сотқа талап арыз тапсырған азамат, қолына арыздың тіркелгені туралы талон алады. Азаматтың өзі көрсеткен ұялы телефон нөміріне бірден логин мен құпия сөз көрсетілген хабарлама жолданады. Сол логин мен құпия сөз арқылы арызданушы сайт арқылы іс бойынша шығарылған құжатпен танысады. Яғни, адамдар сотқа келмей-ақ, уақытын тиімді пайдалана отырып, сот құжаттарымен таныса алады.  Мұның өзі халықтың сот төрелігіне деген қолжетімділігін арттырудың бір қадамы болып табылады. «Сот құжаттарымен танысу» сервисі іске қосылды, ол арқылы әрбір адам өзіне қажетті сот құжаттарымен таныса алады. Іске қосылған сервистердің ішінде максималды түрде қолданыстағы «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисін баса айтып өткен жөн. Аталған сервис арқылы ғаламторды пайдалана отырып, кез-келген уақытта қашықтықтан сотпен байланысуға болады, яғни  сервис арқылы сотқа келмей арыз, шағым және басқа да құжаттарды тапсыруға, іс қаралатын күн мен уақытты білуге және барлық сот актілерін қарап, жүктеп алуға мүмкіндік бар.

Мемлекет басшысымен айқындалған биылғы Жолдауда берілген 10 негізгі тапсырманың ішінде азаматтардың қолжетімділігін арттыру мақсатында  заманауи цифрлық технологияларды олардың өтініштерін уақытылы, әрі шұғыл түрде қарастыру негізінде қолдану қажеттілігі айтылған. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамып, қолданысқа енгізілуі сот төрелігінің шапшаңдығын, ашықтығы мен жариялылығының бір көрінісі іспеттес. 

Ал, сот істерін қарау кестесіне келетін болсақ, бұл кестені  соттың ресми сайтынан көруге болады. Сайтта апелляциялық сот алқасында қаралатын азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерге қатысты кесте күнтізбе арқылы көрсетілген. Кез-келген сотқа қатысушы тарапқа сайт бетінде отырыс уақыты, бірінші сатыда қандай сот қарағаны, талапкерлердің аты-жөні, жауапкерлердің аты-жөні және қаралған іс нөмірі беріледі. Сондай-ақ, кестелер күн сайын соттардың күту залында орналастырылған теледидар арқылы беріліп отырады.

Бүгінде сот органдарымен электронды сот төрелігін дамыту мен жарықтандыру бойынша  белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. Қолданыстағы  жаңашылдықтар сот төрелігінің барлық ауқымын қамтып, халықтың максималды түрде ашық және  жайлы түрде сот арқылы құқықтарын қорғауға мүмкіндік туғызып отыр.

Осы заманауи  ақпараттық технологиялар сот өндірісін жеңілдетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларының бірі болып, сот қызметкерлерінің де жүктемесін біршама төмендетуге септігін тигізді. Ақпараттық технологиялардың дамуы өз кезегінде бюджеттік қаражаттарды үнемдеуге әкеледі.

 

Астана қалалық соты

Соттардың инфрақұрылымын

дамыту мен қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы                                                                        

Б. Әбутәліп

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив