Тергеу әрекеттерін санкциялау туралы 122 материал электронды форматта қаралды

Тергеу әрекеттерін санкциялау туралы 122 материал электронды форматта қаралды

 

         Электрондық санкциялау қылмыстық қудалау органымен электронды форматта жүргізіліп отырылған қылмыстық істің шеңберінде жүзеге асырылады. Тәртібі, лауазымды тұлға тиісті процестік шешімдер мен әрекеттерді қабылдау жолымен, СДТБТ АЖ-не электрондық құжатты енгізу немесе PDF-құжатты кірістірілу арқылы,сондай-ақ ЭЦҚ-мен қойылатын электрондық ақпараттық есеп құжаттарының қажетті реквизиттерін толтыруды жүзеге асыруды тұжырымдаудан тұрады. Іс бойынша соттың санкциясымен жүзеге асырылатын тергеу әрекеттерін жүргізу қажеттілігі туындаса, іс материалдары СДТБТ АЖ-не электронды форматта сотқа жолданады.  Бұдан әрі іс материалдары, персоналды компьютермен зерттеп, қылмыстық қудалау органының ақпараттық жүйесінде көрінетін сот актісін электронды карточкаға енгізу арқылы іс материалдарын қағазсыз қарауға мүмкіндігін беретін «Төрелік» АЖ-не түседі.

          Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотымен 2021 жылдың   қаңтар мен тамыз айлары аралығындағы тергеу әрекеттерін санкциялау туралы 122 материалды электронды түрде қарады.

           Айтатын жай, электрондық форматтағы материалдар бастапқы кезде қабылау барысында көптеген  электрондық материалдар сот өндірісіне тіркелмей кері қайтарылды, себебі тіркелген құжаттарға электрондық –цифрлық қол қойылмауы,  күдіктіге қатысты өтінішхат немесе хаттамалары бекітетін тұлғаның аталған құжаттарды бекіткені туралы қолы қойылмауы, іске тіркелген құжаттардың дұрыс сот ісін жүргізу тіліне сай жүргізілмеуі, ілеспе хатта көрсетілген ақпараттар, парақ саны, тізімге сәйкес келмеуі және  күдіктінің әрекетін саралау баптарының дұрыс көрсетілмеуі себеп болып табылады. Аталған  кемшіліктер электрондық форматта материалдарды  жүргізу кезінде дұрыс іске асырылмауынан орын алып отыр. 2021 жылда тергеу сотымен  электрондық форматта материалдар саны 152 түсіп отыр, оның ішінде 30 материал жоғарыда көрсетліген кемшіліктердің жіберілуіне байланысты кері қайтарылды,  қалған 122 материал  қанағаттандырылды.  

         Электронды қылмыстық істің тиімділігі жеделдіктен, уақыттың, адам ресурстарының, бюджет қаражаттарының унемділігінен тұрады және ең бастысы қылмыстық процес қатысушыларының мүдделерімен құқықтарының қатаң сақталуымен жүргізіледі.

 Н.Е.Губашев 

Орал қаласының

мамандандырылған

тергеу сотының төрағасы                                                     

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив