Сот отырысы хатшысының сот жүйесіндегі рөлі

Сот отырысы хатшысының сот жүйесіндегі рөлі

 

Сот отырысы хатшысы және сот жүйесіндегі рөлі ең біріншіден судьялардың қызметін толық түрде қамтамасыз ету, екіншіден азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету  болып табылады. Жалпылама сипаттамасын айтып кетсек сот отырысының хатшысы — сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекттік қызметші. Сот отырысы хатшыларының жұмысы сырт көзге қарапайым  әрі оңай болып көрінуі мүмкін. Бір қарағанда, сот отырысының хатшылары тараптардың жауаптарын қағазға түсіріп, хаттама жазып, іс құжаттарын реттеп отыратын жәй ғана маман сияқты. Алайда, сотта қаралатын кез келген істің өзіндік қиындықтарымен қатар істі өндіріске дайындау сатылары болады. Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп салалы және аса төзімділікпен тыңғылықтықты жұмыс атқаруды талап ететін сала болса да сөйте тұра қызықты да.

Бұрын құжат айналымы, хаттамаларды толтыру қолмен рәсімделіп, кейіннен жазу машинкасында терілетін болса, бүгінде бұл жұмыста ілгерілеу бар, қазір сот отырысының барысы аудио-, бейнежазба арқылы жазылып дайындалады.

Судьяның уақытты тиімді пайдаланып, өнімді жұмыс жасауы сот хатшысының біліктілігіне, іскерлігіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлерге сияқты сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады. Соттың іс жүргізуге қатысты ішкі тәртіптері де ішінара өзгеріп отырады. Десек те, сот отырысының хатшылары өз міндеттеріне асқан жауапкершілікпен қарауы қажет.

Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін дербес жауап береді. Дұрыс емес не шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді сот отырысының хаттамасына қасақана енгізген жағдайда хатшы заңда көзделгендей жауапты болады.

Сот отырысының хатшысы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, облыстардағы, Астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы сот кеңселері туралы ережені және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Сот отырысының хатшысының міндеттері:

  • Республиканың Конституциясы мен заңнамасын сақтайды;
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді,
  • өзіне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады; мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтайды;
  • өзіне заңмен белгіленген шектеулерді қабылдайды;
  • заңнамамен белгіленген қызмет әдебінің нормаларын сақтайды;
  • жоғары лауазымды адамдардың өз құзыреттері шегінде шығарған бұйрықтарын, өкімдерін, шешімдерін және нұсқауларын орындайды;
  • мемлекеттік құпиялар мен заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, соның ішінде заңмен белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де сақтайды;
  • қызметтік міндеттерін атқару кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне қатысты, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтайды және заңнамамен көзделген жағдайлардан басқа кезде олардан осындай ақпаратты талап етпейді;
  • мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
  • оған белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жағдайлары туралы басшылыққа немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлайды;
  • азаматтардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарайды;
  • өзі хаттамалауды қамтамсыз етуі қажетті барлық уақытта сот отырысы залында болуға және сот отырысына төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге;
  • хаттамада соттың іс-әрекеті мен шешімін, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтініштерін, қарсылықтарын, жауаптарын, түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс басқа да жағдайларды толық және дұрыс жазуға;
  • сот отырысының хаттамамын ҚР ҚпК сәйкес белгіленген мерзімде дайындауға;
  • жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті;
  • өзіне жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді орындайды.

     Сот отырысы хатшысының  құқықтары:

  • Республика азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдендірілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады
  • лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттар материалдарды белгіленген тәртіппен алады;
  • атқарып отырған қызметіне сәйкес тапсырмалардың және қызметтік өкілеттіктерінің көлемінің дәл белгіленуін талап етеді;
  • басшылар, өзге де лауазымды адамдар мен азаматтар тарапынан жеке басының қадір-қасиетін құрметтеуді;
  • өзіне әділ әрі құрметпен қарауды талап ете алады;
  • атқарып отырған қызметіне, жұмыс сапасына, тәжірибесіне қарай және Заңдармен белгіленген өзге де негіздерге байланысты ынталандырылуын және еңбегіне ақы төленуін талап етеді;
  • тиісті бюджет есебінен қайта даярлықтан өтеді (қайтадан біліктілігін арттырады);
  • өзінің мемлекеттік қызметте болуына қатысты материалдармен кедергісіз танысады, қажет болған жағдайларда жеке өзі түсініктемелер береді;
  • біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындалуы ескеріле отырып қызметі бойынша жоғарылай алады;
  • өзінің пікірі бойынша негізсіз кінә тағылған кезде қызметтік тексеру жүргізуді талап етеді;
  • еңбегінің, денсаулығының қорғалуын, жоғары өнімді жұмыс істеуі үшін қауіпсіз әрі қажетті жағдайлар жасалуын талап етеді;
  • әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалады;
  • мемлекеттік органдарда бар кез келген қолжетімді ақпараттық банктерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

Сот отырысының хатшысы сот жүйесіндегі маңызды буын екендігіне талас жоқ.

Ақмола гарнизоны әскери сотының бас маман-сот отырысының хатшысы С.Аманбек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив