Сот жүйесінде сот отырысы хатшысының алатын орны

Сот жүйесінде сот отырысы хатшысының алатын орны

Сот жүйесінде сот отырысы хатшысының алатын орны өте маңызды деуге болады, Сот отырысы хатшысының жұмысы  күрделі, көп функциялды және сонымен бірге өте қызықты болып келеді. Көпшілігі хатшының жұмысы бір қарағанда өте оңай, сот отырысына қатысып, барлық іс қимылдарды хаттамаға түсіріп отырса болғаны деп ойлайды, әрине бұл олай емес, сот отырысының дұрыс ұйымдастырылуы сот құжаттарының дұрыс, дәл, құзыретті түрде жасалуы, сот отырысының хаттамасында барлық іс әрекеттердің баяндалуы, сонымен қатар, тараптардың сот отырысына уақытылы қатысуы, азаматтық істерді ретімен дайындауды, сот актілерін және басқа да көптеген құжаттарды есепке алу нұсқауларына сәйкес реттеуді, сот құжаттарын, актілерін тараптарға жолдауды, азаматтық істерді реттеп, тігіп кеңсеге өткізуді, жеке шағым немесе апелляциялық, кассациялық шағым түскен жағдайда жоғары тұрған инстанция жолдауды, т.б жүмыстарды атқарады . Сот отырысының хатшысы ұйымдастырған жұмысынан оның жауапкершілігі, сауаттылығы, адалдығы мен дәлдігі, судьяның жұмысы мен имиджі негізінен байланысты.

Сот отырысының хатшысының жұмысы ауыр болғанына қарамастан, атқаратын қызметінің жақсы жақтары жоқ деуге де болмайды, Сот барысында білікті заңгерлерді тыңдау, іс материалдарын зерделеу, белгіленге мәселені мәселені дербес талдай отырып, олардан қорытындыларын шығарып отырады. Талапкерді де, респонденттен де тәжірибелі адвокаттардың қатысуымен әртүрлі заңдық амалдарды қолдана отырып, дәлелді жеңіп алу үшін процестерді қадағалау қызықты екені анық.

Қазіргі таңда, сот жүйесінде ақпараттық және заманауи технологиялардың дамуына байланысты, бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады. Әрине мынадай жаңашылдықтар сот отырысы хатшысының жұмысын әлде-қайда жеңілдетеді.

Мемлекеттік қызметшілер сияқты, сот отырысының хатшыларына қойылатын талаптары қызметшінің беделін жоғарылату мақсатында көбейтіледі. Сот отырысының хатшылары, сот отырысының ауыртпашылығына, талаптарына қарамастан, мұқият, жауапкершілікті түрде өз міндеттерін атқаруда.            

Сөзсіз, сот отырысының хатшысының атқаратын  жұмысы Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі өте маңызды рөлдердің бірі болып табылады.

 

 Е.Төлеген

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас маман- сот мәжілісінің хатшысы            

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив