Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

 

        Бүгін, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Е.М.Дүйсенбаев пен «Азаматтардың құқықтарын қорғау комитеті» қоғамдық бірлестігінің басшысы И.Г.Федорова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Осы Меморандумның мақсаты: Құқықтық даулар мен жанжалдардың денгейін төмендетуге ықпал ету үшін сотқа дейін және соттан тыс дауды реттеу. Сондай-ақ, сенімді арттыру және адалдық, әділдік қағидаттарын орнату, "Медиация туралы" Заңын қолдану саласында өзара қолдау көрсету және медиацияны насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу болып табылады.

Соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев аталған меморандум аясында  азаматтық, қылмыстық істер бойынша медиацияның көмегімен дауларды соттан тыс шешу институтын дамытуға ықпал етуге бағытталғанын атап өтті.

Меморандумға сәйкес тараптар медиацияны дамыту бойынша қабылданып жатқан іс-қимылдар туралы бір-бірін хабардар етеді.

        Өмірлік қиын жағдайға тап болған баланы оңалту, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмаған баланың заң бұзушылық жасаған кездегі мәселелерін шешу үшін баламалы тәсілдерді қолдану, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтардың бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша бірлесіп іс-шаралар қабылдау, баланың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу, жасөспірімдер мен ата-аналар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру.   

Сонымен қатар, дау-жанжалдарды реттеудің баламалы әдістері саласындағы әдістемелік және ақпараттық материалдармен өзара алмасып, сотқа дейінгі және сот тәртібімен татуластыру рәсімдерінің мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

 Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі      

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив