Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот медиациясын жүргізу тәртібі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот медиациясын жүргізу тәртібі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

 

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот медиациясын жүргізу тәртібі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

        Аталған іс-шараға  соттың төрағасы Е.Дүйсенбаев, судья Т.С.Сұлтанова,  Жамбыл облыстық билер кеңесінің мүшесі У.К.Кайманова, «Отандастар»

қоғамдық бірлестігінің басшысы А.Г.Ильясова,  медиаторлар: С.Р.Даулбаева, Д.К.Амиреева, К.А.Ауельбаев қатысты.

          Соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев іс-шараны ашып, 20 наурыз                      2019 жылы Жамбыл облыстық cоты мен Жамбыл облысының Ардагерлер кеңесі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғанын және кәмелетке толмаған балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету және отбасын сақтап қалуын айтып өтті.

           Әрі қарай өзінің сөзінде Жамбыл облыстық билер кеңесінің мүшесі У.К.Кайманова сотта және соттан тыс татуластыру рәсімдері туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын бірлесе жүргізіп, дауларды сотта және соттан тыс реттеудің саны мен сапасын арттыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуін айтып өтті.

              «Отандастар» қоғамдық бірлестігінің басшысы А.Г.Ильясова қазіргі таңда бітімгерлік рәсімдерді дамыту жалпы қоғамдағы және республика соттарында басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті.

Аталған дөңгелек үстел шеңберінде Е.М.Дүйсенбаев билер кеңесінің мүшесі У.К.Каймановаға, ҚХА-ның медиаторларына, медиация кабинетінде кезекшілік кестесін жасауды ұсынды, аталған кестеге сәйкес билер мен медиаторлар туындаған дауларды сотқа дейін реттеуге ықпал етеді, бұл бір жағынан соттың жүктемесін төмендетеді, екінші жағынан билерге қатысты халық сенімін арттыратынын айтты. Билер кеңесінің мүшесі мен медиаторлар аталған ұсынысты бірауыздан қолдап, аптасына екі рет  сәрсенбі және жұма күндері сотқа келіп тұратындарын мақұлдады.

        Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өзара  пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

 

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың

істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив