2021 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі өзгереді

2021 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі өзгереді

2021 жылғы 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізіледі, осы күннен бастап "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" және "Әкімшілік рәсімдер туралы"заңдардың күші жойылады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасымен регламенттелетін шағымдар мен арыздарды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларымен реттелетін болады.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 99-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімі, ол келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайтын болады, ал қазіргі уақытта бұл мерзім "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңның 20-4-бабының 1-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнін құрайды.

Сондай-ақ, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде өтініш берушінің (ТАӘ, пошталық мекенжайы, ЖСН, мекенжайы, мемлекеттік органның атауы, өтініштің мәні, берілген күні, қолы) талаптарына сәйкес өтінішті жетілдіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілей отырып, өтініш берушіге өтінішті келтіру қажеттігі туралы нұсқау көзделген.

Егер өтініш беруші өтінішті белгіленген мерзімде сәйкес келтірмесе, онда өтініш қайта қайтарылады.

Өтінішті қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді.

Шағымды лауазымды адам жеке-дара не алқалы кеңес қарауы мүмкін. Алайда, шағымда әрекеті немесе әрекетсіздігі қаралатын тұлға алқалы кеңестің құрамында бола алмайды.

       Шағымды қарайтын орган мынадай шешімдердің бірін шығарады:

 1) әкімшілік актінің күшін жою туралы; 

2) әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы; 

3) әкімшілік әрекеттің жасалғаны туралы; 

4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы; 

5) әкімшілік істі әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалып отырған лауазымды адамға жіберілген бұзушылықтар мен оларды жою жөніндегі ұсыныстар көрсетіле отырып, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға жіберу туралы шешімдердің бірін қабылдайды; 

6) шағымды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды. 

Егер шағымды қараған орган белгіленген мерзімдерде шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдамаған жағдайда, онда мерзімдер өткен күннен бастап шағымды қарайтын орган шағымды қанағаттандырудан бас тартты деп есептеледі. Және егер тұлға  шешімімен келіспеген жағдайда әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымды қарайтын басқа органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының жетекші маманы А.Зейнулла

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Meghan 12 апреля 2024 04:57

    Hmm it appears like your website ate my first comment (it was extremely long) so I guess I'll just sum it up what I had written and say, I'm thoroughly enjoying your blog.
    I too am an aspiring blog writer but I'm still new to everything.
    Do you have any helpful hints for inexperienced blog writers?
    I'd certainly appreciate it.

    Also visit my web page: misoprostol
    disponible sin receta en Suiza

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив