Сот актілерін орындауға жолдау және олардың орындалуына бақылау жасау

Сот актілерін орындауға жолдау және олардың орындалуына бақылау жасау

 

Үкім заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей, соттың орындауына беріледі.

Әскери қызметшілер (әскери қызметтен өтуші адамдар) сотталған кезде:

1) мерзімді қызметті қатардағы, сержанттық құрамдағы адамдары сотталғаны туралы қорғаныс істері жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдерге хабарлауға және туысқандарды хабардар етуі тиіс;

2) әскери қызметшілерге қатысты үкімдер заңды күшіне енген соң үкімдердің көшірмелері бұйрықтарда жариялау және жеке құрамның назарына жеткізу үшін әскери бөлімдердің командирлеріне (округқолбасшысына, гарнизон бастығына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне) жіберілуі қажет;

3) бас бостандығынан айыруға сотталған кезде әскери билеттерді қызметтен өтуі туралы белгілеуі және шақырылған жері бойынша кейіннен әскери комиссариатқа жіберу үшін олар бұрын қызмет өткерген әскери бөлімдердің командирлеріне жіберу қажет;

4) әскери атақтан айырылған және айырылмаған сотталған офицерлерге қатысты үкімдердің көшірмелері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадр жөніндегі басқармасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі басқармасына жіберіледі;

5)   үкіммен мүлікке тыйым салудың күші жойылған кезде бұл туралы мүліктің иесіне хабарлау, ал үкімнен үзінді көшірмені осы мүліктің сақталуына жауапты адамға жіберу қажет:

6) сотталғанды көлік құралдарын басқару құқығынан айырған кезде  жүргізуші куәлігі үкімнің заңды күшіне енуі туралы анықтамамен және үкімнің көшірмесімен бірге орындау үшін  облыстық жол полициясы басқармасына жіберіледі;

7) запасқа шығарылған офицерлерді, прапорщиктердің сотталғаны жөнінде олар есепте тұрған аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа хабарланады;

8) сотталған прапорщиктерге үкімдердің көшірмелері қызметтен шығару (әскери атақтан айыру) туралы мәселені шешу үшін округ қолбасшысына жіберіледі.

Ал, азаматтық істер бойынша Атқару парағын (бұдан әрi ‑ атқару құжаты) бiрiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде жазып береді

Егер атқару әртүрлi орындарда жүргiзiлуге тиіс болса не егер шешiм бiрнеше талап қоюшының пайдасына немесе бiрнеше жауапкерге қарсы шығарылса, сот өндiрiп алушылардың өтiнiшi бойынша атқару орнын не осы атқару құжаты бойынша орындалуға тиiс шешiмнiң сол бөлiгiн дәл көрсете отырып, бiрнеше атқару құжатын жазып береді.

Атқару құжаттары нақты және сауатты толтырылуы тиіс. Атқару құжатында өшіріп жазуға және түзетуге жол берілмейді.

Сот бұйрығының күшін жоюға арналған мерзім аяқталған соң сот өндіріп алушыға  аудандық соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын оны орындауға ұсыну үшін береді не оның өтініші бойынша дереу орындалатын жағдайлардан басқа, тікелей сотқа орындау үшін жібереді.

 

Ақмола гарнизоны әскери сотының бас маманы сот отырысының хатшысы  А.Сайлауова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив