Мемлекеттік қызметші әдебі – қоғам айнасы

Мемлекеттік қызметші әдебі – қоғам айнасы

       Кез келген жұмыстың нәтижелілігі ұжымдағы қалыптасқан өзара қарым-қатынас мәдениеттілігіне байланысты. Осы орайда мемлекеттік қызметшілер қоғамда, әріптестерінің арасында мінсіз болуға талпынуы керек. Себебі, олар билік өкілдері мен қарапайым халық арасын жалғайтын көпірге айналуы тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі олардың жұртшылық алдындағы қызмет имиджін анықтайтын мінсіз әдеп мінез-құлықтарымен қатар жүруі қажет. Сондықтан қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызметтегілердің біліктілігіне, этикасына үлкен мән берілуде.

      Мемлекеттік қызметші қандай жағдайда да ақиқатты жақтап, шыншыл, турашыл болуы қажет. Ол екіжүзділіктен, өтірік айтудан аулақ болғаны жөн. Мемлекеттік қызметшіге тәкәппарлық, адамдармен қарым-қатынаста менмендіктен, білімдері мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орнын биік бағалаудан, қолы жетіп отырған табыстан мастануға болмайды. Яғни, мемлекеттік қызметші болу – адамдармен тең қарым қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу. Өзін өзі ұстау мәнері өзара амандасудан, өзара сыйластықтан басталады. Осы орайда ел Президенті Қ.Тоқаев та мемлеттік қызметшіде жауапкершілік, терең білім, адалдық сынды қасиеттер болу керектігін атап көрсетті. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуға тиіс.

     Мемлекеттік қызметші биліктің айнасы секілді. Оның ары биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халықтың сенімі мемлекеттік қызметшінің қаншалықты сапалы қызмет жасағанына қарап нығаяды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң шеңберінде шешуі талап етіледі.

     Халыққа қызмет ету қашан да мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырларын сеніп тапсырып, кәсіби біліктілігімізге сенім артып отырған жандардың көңілінен шыға білу қашан да қиын. Тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етуді басты мақсатымызға баласақ, болашағымыз жарқын болары хақ.

Гүлдерайым Әбдіғалиқызы, Жаңақала аудандық сот-кеңсесінің бас маманы, сот мәжілістерінің хатшысы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив