Мемлекеттік тілді қадірлеу

Мемлекеттік тілді қадірлеу

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 

Тіл - ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі.

Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – республикадан тыс елдерде тұрып жатқан қазақтардың тілі.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Әрбір ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл – ол елдің мақтанышы. Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады.  

Сот жүйесінде қазақ тілін қолдануды насихаттауға, оның қолданылу аясын кеңейтуге қатысты шаралар өткізіліп, мемлекеттік тілді сот жүйесінде қолдану бойынша көмекші құралдар, сөздіктер және тағы басқа да құралдар берілуде.

Сотта іс толығымен қазақ тілінде жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу толық қазақ тіліне көшкен, облыстық сотқа ақпараттар, хаттар, басқа да іс қағаздары мемлекеттік тілде жіберіледі.

Сот талқылауы басталған кезде іске қатысушыларға сотқа өзінің ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктемелер және айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар келтіру, іс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу, аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндірілуі тиіс.

Яғни, басты сот талқылауында қылмыстық істі қарау барысында іске қатысушы тараптар сот ісі жүргізілетін тілді білмеген жағдайда міндетті түрде аудармашы қатыстырылуы қажет. Мысалы, іс материалдарынан көрінгендей, сотталушының өтінішхатына сәйкес сот ісін жүргізу тілі ретінде орыс тілі таңдалған. Сот отырысында жәбірленуші мен куәгер мемлекеттік тілде жауап беруіне байланысты аудармашының қатысуын  сот қамтамасыз етеді, яғни сотталушы аудармашының қызметтерін пайдалану құқығын пайдалана алады.

Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қатаң сақтау өз кезегінде сот ісін жүргізудегі заңдылық, жеке бастың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу, іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қорғалу құқығын қамтамасыз ету, жариялылық сияқты қағидаттардың қатаң сақталуына кепіл болатыны сөзсіз.

Туған тіліміздің тағдыры өз елінде, өз жерінде таразыға түспеуі тиіс. Тіл тағдырының шешілмей тұрған күрмеуі, қиын тұстары әлі де жетерлік. Сондықтан, біздің қоғамдағы тіл мәселесі тек сот органдары жүйесін емес, барлық саланы қамтығанда ғана дамып, өркендейтін болады.

Қазақ тілі республика азаматтарын топтастырудың мықты іргетасы болары кәміл. Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны үйреніп, білуге бейім болғаны абзал. Өйткені, қазақ тілі - еліміздегі халықтардың басым бөлігінің тілі. Болашақта мемлекеттік тіл ретінде оның мәртебесі біздің елімізде қоғам биігінен көрінуге тиіс.

Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті. 

Мустафина Бота Сериковна

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив