Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы

     Заңды тұлға дегеніміз кім? Заңды тұлға –заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын,мекеме,ұйым, фирма т.б. Ол өз атынан мүліктік және беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады,сотта төрелік, сотта талапкер немесе жауапкер бола алады.

     Заңды тұлғалар екі категорияға бөлінеді.
     Алғашқысы – жеке құқықтың заңды тұлғалары: коммерциялық қоғамдар, қауымдастықтар, қорлар, азаматтық-құқықтық бірлестіктер, сондай-ақ заңды түрде құрылған жеке топтар және кәсіподақтар.
      Екінші категорияны жариялы құқықтың мемлекеттен басқа заңды тұлғалары құрайды.
келеді.
            Қылмыстық құқықтың ықпал ету аясына заңды тұлғаларды енгізу үрдісі шет мемлекеттерде  20-шы  ғасырдың 80- жылдарында, әсіресе 90-жылдарда бірқатар мемлекеттердің жаңа Қылмыстық кодексін қабылдау қарсаңында жандана түсті. Ал жалпы тарихта заңды тұлғаларды қылмыстық жауапқа тарту  аз кездеспейді. Мысалға, заңды тұлғалардың жауаптылығы Нидерландта – 1976 ж. Португалияда – 1982 ж., Францияда 1992 ж., Финляндияда – 1996 ж., көрші Қытайда 1997 ж. орнықтырылды. Бұл күні бұндай жауаптылық түрі АҚШ-та, Англияда, Канадада, Шотландияда, Данияда және т.б. мемлекеттерде бар. Германия мен Швецияда квазиқылмыстық (әкімшілік қылмыстық ) деп аталатын заңды тұлғалардың жауаптылығы бекітілген. Бельгияда салық, кеден және ауыл шаруашылығы салаларындағы квазиқылмыстық жауаптылыққа жол берілген.
       Адамның жеке өзі құқық субъектісі бола алмайды. Оны субъекті жасайтын құқығы мен азаматтық қоғам құрған институтттар. Техникалық жағынан ол фикцияның көмегімен жасалады. Бұдан шығатын қорытынды жеке тұлға – тек адам, ал заңды тұлға – тек адамдар жиыны ғана емес. Бұл фикциялар шынайы әлем мен құқық әлемін жалғастырушы  дәнекерлер.

      Францияның 1992 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексінің 121-122 бабында заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы сол әрекеттерді жасау кезінде тікелей орындаушы не  өзге  қатысушы болған жеке адамдардың қылмыстық жауаптылығы жоққа шығармайтындығы айтылған.
       Қазақстан заңгерлері бұлай жасалған жағдайда қағида бұзылады бір әрекет үшін екі рет жазалауға болмайды деп есептейді. Осы жерде бұдан қоссубъектілік проблемасы туады.
      Қағида бұзушылық өз бағыныштысының қылмыстық әрекеті үшін онымен қоса басшысын да жауапқа тартқанда болады. Бұл ереже қағидадан ауытқу болып табылады. Ойымызды жалғай келе, қоссубъектілік проблемасы, әлі тек қылмыстық құқықта ғана месе өзге де салаларда түпкілікті шешілмегенін айта кеткіміз
       Жеке тұлға да, заңды тұлға да абстракция, ал, құқық осы тұлғаның құрылуына жәрдемдесетін қалып деген тұрғыдан қарасақ әлеуметтік пен нарықтық экономика жағдайында заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылықтан тыс қалуы бәрінен бұрын қылмыстық заңның кемшілігі екендігін мойындағанымыз абзал.
     Келесі қарсылық жауаптылық қағидасы мен қылмыстық жауаптылық пен жазаның жеке даралығы қағидасына байланысты. Заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарта отырып біз оны бір немесе бірнеше нақты жеке адамдардың – басшылардың әрекеті үшін жауапқа тартамыз.
     Егер де зардап көпшілік қабылдаған нәтижесінде келсе, не себепті ол шешімге қарсы дауыс берген азшылықты (заңды тұлғаның мүшелері) қылмыстық жауапқа тартуға тиіспіз? Бұл ойдың назар аударуға тұратындығына күмән жоқ. Бірақ, бұл бәрінен бұрын шешімін таппайтын техникалық сипаттағы мәселені - қылмыстық жауаптылықтың айыру проблемасын алға қояды.
     Заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығын жақтаушылар бұған жауап ретінде шынында да, дәстүрлі жазалардың кейбірі, мысалыға, түрмеге қамау заңды тұлғаға қолданылмайды дейді. Рас, заңды тұлғаны түрмеге қамауға болмас, бірақ өзге санкцияларды қолдануға болады ғой. Заңды тұлғаларға барлық классикалық жазаларды қолдануға, жазаны оның қызметімен телімдестіруге (қызметіне шек қою, тыйым салу), беделіне ықпал етуге (сот шешімін жариялау не жарнамалау) неге болмасқа?
      Франция Қылмыстық кодексінің 131-137 және 131-139-баптарында заңды тұлғаларға қолданылатын арнайы жазалар қарастырылған.
Жоғары мөлшердегі айыппұлдар (қылмыстың ауырлығына байланысты) басты орынды алады. Айыппұл заңды тұлғаның кез келген түріне қолданылады. Заңды тұлға қылмыс не басқа теріс қылық жасау үшін құрылған болса, немес өзінің заңды мақсатынан қылмыс жасау үшін (жеке адамдар 5 жылдан артық түрмеге қамалатындай) ауытқыған жағдайда сот жаза ретінде оның қызметін тоқтатуы мүмкін. Заңды тұлғаның қызметін ішінара тоқтататын жазалар: а)   

     Соған  байланысты қылмыс жасалған қызмет түрін жүзеге асыруға тыйым салу (медициналық, коммерциялық, банкілік, т.б. қызмет); б) Заңды тұлғаның қылмыс жасалаған қандай да бір мекемесін  кәсіпорнын  (ресторан, казино, т.б.) жабу; в) мемлекет пен шартқа отыруға тыйым салу (5 жылға дейін); г) қаржы-несие саласындағы жазалар: халықтың салымдарына тыйым және чекпен несие карточкаларын қолданысқа жіберуге тыйым салу.Қабылданған сот шешімдерін жарнамалау немес ақпарат құралдары не өзге де аудиовизуалдық құралдар арқылы ақпараттар тарату (Бұл заңды тұлғаның беделіне қатысты).
      Жоғарыдағы жаза түрлеріне назар аудара отырып, Қазақстан Республикасының аумағында да заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу қажет деп нық сеніммен айтуға болады.

Шымкент гарнизоны  әскери сотының   

бас маманы Бейсенбаева Жібек

                                                                   

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив