Әскери қызметке қарсы қылмыстар

Әскери қызметке қарсы қылмыстар

Әскери қызметке қарсы қылмыстар ұғымы  теріс қылықтарының осы түрімен күресу үшін және экономикалық, саяси, әскери және қоғамдық өмірдің басқа салаларында болып жатқан өзгерістерге сәйкес заңнаманы одан әрі дамыту үшін құқықтық негіз жасайды. Әскери қылмыс - мемлекеттің әскери қауіпсіздігіне төнетін қатердің бірі, оның әлеуметтік қауіптілігі елдің әскери қауіпсіздігінің мүдделеріне зиян келтіру немесе зиян келтіру қаупінен көрінеді.

Әскери қызметке қарсы қылмыстардың қылмыстық заңсыздығының ерекшеліктері - тиісті заңдарда, әскери жарғыларда және басқа да нормативтік актілерде бекітілген. Сондай-ақ, әскери қызметшілерге жүктелген әскери қызмет ережелерінде де  көрініс табады.

Әрбір әскери қылмыстың мазмұнын белгілі бір әскери-құқықтық нормаларды талдау арқылы ғана түсінуге болады, олардың бұзылуы үшін жауапкершілік қарастырылған. Мысалы, ҚР Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің Жарғысына жүгінбестен, кінәлілердің қарауылдық қызмет қағидаларын бұзуына жол берген мән-жайларды және соның салдарынан болған нәтижелерді түсінуге болмайды.

Қылмыстық жауаптылық заңдық жауапкершіліктің неғұрлым қатаң түрі болып табылады және ол үшін мемлекеттік органдар белгіленген тәртіппен қолданатын қолайсыз салдарлары бар қылмыс жасаған адамға қылмыстық заңда белгіленген ықпал ету шараларынан тұрады.

ҚР Қылмыстық кодексі  Конституцияда көзделген тәртіппен қабылданған және өзара байланысты құқықтық нормалардан тұратын, қандай іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік) Қылмыстық болып табылатынын және сот қылмыс жасаған адамдарға қандай жазаларды қолдана алатынын айқындайтын елдің қылмыстық заңы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі әмбебап сипатқа ие, яғни, қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері, әдетте, оларды кім жасағанына және қоғамдық өмірдің қай саласында жасалғанына қарамастан бірдей шешіледі.

Мысалы, іс-әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жайлар туралы нормалар барлық адамдарға, оның ішінде әскери қызметшілерге бірдей қолданылады; сотталған әскери қызметшілер басқа сотталған адамдармен тең жағдайда айыппұл түріндегі жазаны орындайды, әскери қызметшілер барлық азаматтармен ортақ негізде кісі өлтіру, ұрлық, бұзақылық және басқа да қылмыстар үшін жауапқа тартылады. Сонымен бірге, отандық қылмыстық заңнамада дәстүрлі түрде бірқатар нормалар бар, олардың мазмұны әскери қызметтің ерекшелігіне байланысты. Бұл нормалар толығымен әскери қауіпсіздікті қылмыстық-құқықтық қорғауға арналған немесе оларды әскери қызметшілерге қатысты қолдану ерекшелігі бар.

Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар тек шақыру бойынша не келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, сондай-ақ қылмыс жасауға байланысты әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтарға қолданылатын қылмыстық-құқықтық нормалардың жиынтығын білдіреді. Оның басты міндеті- Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қорғау. Әскери-қылмыстық заңнаманың қайнар көздері ҚР ҚК 18-тарауының (437-466-Б.) нормалары болып табылады.

Қорытындылай келе, әскери адам бұл мемлекетік орғаныштары, яғни олар халықтың сенімін және қауіпсіздік сезімін тудырады. Сондықтан, әскери адаммен мен үшін жат нәрсе. Себебі, әрбір адам олардың қасында қорқынышқа жол бермей, өзінді қорғалуда санайды. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының жетекші маман А.Зейнулла

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив