Мемлекеттік қызметшілердің этикасы

Мемлекеттік қызметшілердің этикасы

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлердің атына көп қара күйе жағылып жатады.Бірақ "Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді" дегендей арада осындай бірлі жарым қызметкерлер кездеседі.Қазақстан Республикасының заңында мемлекеттік қызметкердің этикетін шегелеп берді, сондықтан әрбір мемлекеттік қызметкер өз орнын, сөйлеген сөзі, істеген ісі қайшылық келтірмеуі қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары әдептіліктің, сыпайылықтың, қарапайымдылықтың негізі болып саналады және олар үшін тәртіптік әдеп стандартарын белгілейді.

Сонымен қатар, кодексте мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, ұстамдылығына және моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойған.

Кодекстің жалпы қағидаларына сәйкес, қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі олардың қызметінен тыс кезде де өзінің адалдығына, ар-ұятына, әдептілігіне қатысты жұрттың күмәнін тудырмау. Оның парасаттылық және адалдық сияқты тәртіптік әдеп стандарттарын сақтай отырып өз ұйымының беделін түсірмеуі қажет екендігін көрсететін әрекеттері, қылықтары және жүрісі мемлекеттік қызметші деген атаққа кір келтірмеуі, үлгілі мінез-құлқы-ізеттілік пен адалдықтың маңызды көрінісі болып саналады

Әрбір мемлекеттік қызметкер заңнамада бекітілген этикетті ұстануы қажет.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының кеңсе меңгерушісі

Э.Р. Ярулина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив