Әдеп кодексінің талаптарын сақтау-бұл мемлекеттік қызметшінің құқығы емес, міндеті

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау-бұл мемлекеттік қызметшінің құқығы емес, міндеті

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш – жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны-Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау - әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Өз өмірін мемлекеттік қызметпен байланыстыруды шешкен Қазақстан Республикасының азаматы қызметке келген кезде-ақ мемлекеттің оған деген жауапкершілігін және сенімін сезінуі тиіс.

Әдеп кодексінің нормалары ерекше, сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын орындалатын талаптарды айқындайды.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттің адамы болып табылады және қоғам алдында үлгілі мінез-құлықтың эталоны болуға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру белгілі бір дәрежеде олардың қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқымен байланысты екенін мойындау керек.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайымдылық танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан заңнама талаптарын бұзуға жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік қызметке алғаш кірген жас мамандарды тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Олардың моральдық-адамгершілік келбетін қалыптастыру бойынша жұмыс ерекше назар аударуды және ресми көзқарасқа жол бермеуді талап етеді.

Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде Кодекстің мәтінімен жазбаша нысанда таныстыру көзделген.

Мемлекеттік қызметтегі алғашқы жұмыс күнінен бастап жас мамандарға азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық, әдептілік, қарапайымдылық, сөйлеу мәдениеті туралы сенімділік қалыптасады.

Этикалық кодекс жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларының басқа тараптарын да қамтиды. Мысалы, кодексте мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс деп көзделген.

Әдеп кодексін практикалық тұрғыдан тиімді қолдау тетіктерінің бірі Әдеп жөніндегі уәкілдің лауазымы болып табылады, оған қызметшілер және олармен байланысатын азаматтар мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері орын алған жағдайда не мемлекеттік органның қызметіне байланысты басқа да мәселелер бойынша кеңес алу үшін жүгіне алады. «Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-нің Әдеп жөніндегі уәкілінің азаматтарды қабылдау кестесі және байланыс телефондары sud.gov.kz ресми сайтында орналастырылған. 

Вадим Никифоров 

Басшының орынбасары,

«Қостанай облысы бойынша

Соттар әкімшісі» РММ

Әдеп жөніндегі уәкілі                                                           

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив