Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Бала асырап алу туралы азаматтық істерді қарау тәжірибесі» аты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Бала асырап алу туралы азаматтық істерді қарау тәжірибесі» аты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

          Іс-шараға ювеналды соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев, судья А.Б.Бексұлтанова, қалалық прокуратурасының өкілі Б.А.Нұралиев, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысның орынбасары Т.С.Жамалов, Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының төрағасы А.А.Раисова, Тараз қалалық мамандандырылған ювеналды заң кеңсесінің меңгерушісі  Ж.С.Нурахова, Жамбыл облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Е.Т.Таткеев қатысты.

         Дөңгелек үстел барысында Е.М.Дүйсенбаев "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің талаптарына сәйкес, балалардың мүдделерін қорғау мақсатында бала асырап алушылар балаларға қатысты өз міндеттерін тиісінше орындайтыны немесе орындамайтыны және балалардың  тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндіктерін зерттеу жүргізуі қажет екенін айтып өтті.

           Сондай-ақ, бала асырап алушылардың ата-аналардың міндеттерін тиісінше орындамау фактілері анықталған жағдайда балалардың құқықтарын қорғау үшін  тиісті шаралар қабылдау қажеттігін түсіндірді.

Ювеналды заң консультациясының меңгерушісі Ж.С.Нурахова бала асырап алу туралы сұрақтарын қойды. Оның барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. 

Сонымен қатар, сот төрағасы Е.М.Дүйсенбаев дөңгелек үстелге қатысушыларға 2021 жылдың 1 шілдеден бастап, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енетінін түсіндірді. Сондай-ақ,  аталған кодекстің негізгі мақсатын түсіндірді, бұл азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне нақты қатысуға кепілдіктерді шоғырландырады және сотта билік органдарымен болатын дауларда құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік беретіндігін айтып өтті.

         Дөңгелек үстел соңында қатысушылардан ұсыныстар беріліп, өзара пікір алмасты.

 Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив