Мектеп және отбасы

Мектеп және отбасы

 

Тараз қаласы, Шөлдала алқабында орналасқан Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №59 орта мектебінде «Мектеп және отбасы»  тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді.   

         Аталған іс шараға, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы  Е.М.Дүйсенбаев, соттың судьясы А.Б.Бексұлтанова, Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Н.Нурумбетов, Тараз қалалық мамандандырылған ювеналды заң кеңсесінің меңгерушісі Ж.Нурахова, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы М.Қ.Жинақбаева, Тараз қаласы  әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеументтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Е.Олжабаева, Жамбыл облысының «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеументтік психологиялық құқықтық қолдау орталығының директоры М.Галимова, №59 мектептің директоры М.Ә.Джантелиев, №55 мектептің директоры Д.Е.Тохметов қатысты.

        Іс-шараны Е.М.Дүйсенбаев ашып, «Мектеп және отбасы» пилоттық жобасы шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар арасында №55, №59 орта мектептерде өмірлік қиын жағдайларға тап болған отбасыларына құқықтық, әлеуметтік және оңалту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғандығын айтып өтті.

       Іс-шара барысында  Ювеналдық сот, прокуротура, полиция басқармасы,  қала әкімдігі, АХАШ,  жұмыспен қамту орталығы, ювенады заң кеңсесі, білім бөлімі, маслихат, ішкі саясат бөлімі, зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы, «Шанс» орталығы өкілдерімен «Отбасы және мектеп» пилоттық жоба аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

      Осы меморандумға сай, әлеуметтік оңалтуға мұқтаж 25 отбасы анықталып, олармен сұхбат жүргізілді.

       Іс-шарада қатысушылар отбасы және құқықтық мәдениетті арттыру институтын нығайту, сот төрелігі мен отбасының қорғалуын, ана мен баланың тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғалуын қаматамасыз ету мәселелері  де талқылады.

      Дөңгелек үстел соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, өз ойларын білдірді.            

      

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі      

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив