Қалалық сотта этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізілді

Қалалық сотта этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізілді

 

Нұр-Сұлтан қаласының соты елорда соттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау мәселелері бойынша «онлайн» режимде семинар ұйымдастырды.

Әдеп жөніндегі уәкіл, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Гүлнұр Тілеукенова іс-шараның модераторы болды.

Іс-шараның мақсаты - елорда соттары мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын бұзу фактілерінің алдын алу және оларды болдырмау, әдеп нормаларын қатаң сақтау болып табылды.

Семинар барысында қалалық соттың персоналды басқару бөлімінің басшысы Алтын Тәжімбетова, ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Ақжан Байдеров, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Сәкен Әлібеков баяндама жасады.

Іс-шараға кеңсе меңгерушілері мен елордалық сот мамандары қатысты.

Семинарда сөз сөйлеген Ақжан Байдеров сыбайлас жемқорлық қоғамның өткір проблемасы екенін атап өтіп, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың таралуы бойынша өзекті ақпаратты ұсынды. Спикер сыбайлас жемқорлық көріністерінің негізгі проблемаларын атап өтіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікпен қарауға шақырды.

Іс-шара соңында талқыланған мәселелер бойынша сындарлы пікірлер алмасылды, қатысушылардың алдына кәсіби қызметтегі этикалық талаптарды қатаң сақтау және соттарда сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу міндеті қойылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив