Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің мансаптық ілгерілеу көрсеткіші жоғары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің мансаптық ілгерілеу көрсеткіші жоғары

Мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі меритократия қағидатына негізделеді. Бұл қағидатқа сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш рет келген, әрі жұмыс өтілі жоқ тұлғалар қызметті төменгі лауазымдардан бастайды, ал әрі қарай мансаптық ілгерілеу мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылатын ішкі конкурстар арқылы іске асырылады.

Басқа сөзбен айтқанда, меритократия әлдеқайда лайықты кадрларды іріктеу және мемлекеттік қызметшілердің жеке жетістіктерін мойындау негізінде оларды әрі қарай кәсіби және мансаптық ілгерілету деген сөз.

2020 жылы ішкі конкурстардың қорытындылары бойынша Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарында барлығы 209 мемлекеттік қызметші тағайындалды, ал олардың 174 немесе 83,25% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық ілгерілеуі облыстық, сондай-ақ аудандық және ауылдық деңгейлерде сәтті іске асырылуда. Бүгінгі таңда өз мансабын төменгі лауазымдардан бастаған басшылар арасында нақты мысалдар бар.

Мысалы, Целиноград ауданы Қосшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мирас Кужубаев ішкі конкурс қорытындысы бойынша Талапкер ауылдық округі әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Мирас өзінің еңбек жолын 2017 жылы ауыл әкімдігінің жетекші маманы лауазымынан бастады. Өзінің жоғары жауапкершілік сияқты жеке қасиеті, сондай-ақ үнемі нәтижеге бағдарлануы арқасында бір жылдан кейін бас маман болып тағайындалды.

Сондай-ақ, ішкі конкурс қорытындысы бойынша Зеренді ауылдық округі әкімінің орынбасары болып Рүстем Қатенов тағайындалды. Ол әкімдікке 2015 жылы іс жүргізуші маман ретінде келіп, содан кейін бас маман болып жұмыс істеді. Кез-келген мәселелерді шешуге Рүстем аса жауапкершілікпен қарайды, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде табандылық танытып, өзіне және қол астындағы қызметкерлеріне лайықты талап қоя біледі. Ұжымда зор сенім мен құрметке ие.

Осыған ұқсас, Ақмола облысы ветеринария басқармасының персоналды басқару қызметінің басшысы лауазымына бұрын осы басқарманың бас маманы болып жұмыс істеген Ақмарал Теміртасова тағайындалды. Ақмарал мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2008 жылы Есіл ауданында кадрлық іс жүргізу бойынша жетекші маман қызметінен бастады. Ол жұмыс барысында өзінің еңбекқорлығымен және тиянақтылығымен ерекшеленеді.

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып 2014 жылы осы басқармаға жас маман ретінде келген Мұрат Иргибаев тағайындалды. Әріптестерінің айтуынша, Мұрат өз саласында әрдайым жақсы нәтижелерге қол жеткізе білетін жоғары білікті маман.

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасында этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімнің басшысы лауазымына Бекжан Ақансері тағайындалды. Ол осы лауазымға тағайындалғанға дейін саяси жұмыс және қоғамдық даму бөлімінің бас маманы, содан кейін қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингі бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. Әріптестері Бекжанды жоғары кәсіби қасиеттерге ие жауапты, адал және білікті қызметкер ретінде сипаттайды.

Мансаптық ілгерілеу орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде де сәтті іске асырылуда. Мысалы, Бажирова Айнұр еңбек жолын Ақмола облысы экология департаментінің маманы ретінде бастаған. 2020 жылдың соңында өзінің талапқойлығы мен жетістікке ұмтылуының арқасында бөлім басшысы болып тағайындалды.

Жоғарыда көрсетілген тағайындаулар мемлекеттік қызметшілердің еңбегін әділ бағалаудың және мемлекеттік қызметте меритократия қағидатын сақтаудың айқын мысалдары болып табылады.

ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Dana 25 августа 2023 19:42

    Nice post. I learn something totally new and challenging on websites I stumbleupon everyday.

    It will always be interesting to read content from other writers and practice something from their websites.


    Feel free to surf to my blog; Helene

  2. аватар
    Merrill 20 апреля 2024 02:30

    Greetings! I know this is somewhat off topic but I was wondering
    which blog platform are you using for this website? I'm getting
    sick and tired of Wordpress because I've had issues with hackers and I'm looking at options for another
    platform. I would be great if you could point me in the direction of a good platform.


    Here is my webpage: Hvor finder man pakisonal til
    den bedste onlinepris
    ?

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив