ҚР Индонезиядағы дипмиссиясының басшысы АСЕАН жанындағы Елші ретінде аккредиттелді

ҚР Индонезиядағы дипмиссиясының басшысы АСЕАН жанындағы Елші ретінде аккредиттелді

Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының Бас хатшысы Лим Джок Хойға Қазақстан Республикасының АСЕАН жанындағы Елшісі ретінде аккредиттеу туралы ҚР Сыртқы істер министрінің хатын тапсырды.

Табыстау рәсімнен кейінгі сұхбат барысында қазақстандық дипломат Қауымдастықтың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы көпжақты ынтымақтастықты ілгерілетудегі және аймақтық интеграцияны қамтамасыз етудегі басты рөлін атап өтті.

Елші Қазақстанның қауіпсіздік пен тұрақты даму саласындағы жаһандық және аймақтық күн тәртібінің қалыптасуы мен жүзеге асырылуына елеулі үлес қосып отырғанын, ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы көшбасшылардың бірі екенін, Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексі мен Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға бірдей декларация және басқа да бірқатар маңызды халықаралық бастамалардың авторы болып табылатынын атап өтті.

Осыған байланысты Елші Қазақстан мен АСЕАН арасындағы ынтымақтастықты дамытудың үлкен әлеуетін атап өтті және Қауымдастықпен өзара ықпалдастықты нығайтуға дайын екендігін жеткізді.

Өз кезегінде Бас хатшы Д.Сарекеновті АСЕАН жанында Елші ретінде аккредиттелуімен құттықтап, Орталық Азиядағы ең ірі экономика және мемлекетпен екіжақты форматта да, ШЫҰ-АСЕАН және ЕАЭО-АСЕАН бағытындағы өзара түсіністік туралы меморандумдар шеңберінде де ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.

Сұхбат соңында тараптар Қазақстан мен Қауымдастықтың өзара іс-қимыл болашағын талқылап, ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын зерттеуге және анықтауға келісті.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив