Қазақстанның Бас Прокуроры мен Ресей Тергеу комитетінің төрағасы бірқатар келісімге қол қойды

Қазақстанның Бас Прокуроры мен Ресей Тергеу комитетінің төрағасы бірқатар келісімге қол қойды

Астана, 2018 жылғы 26 сәуір. Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров пен Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин кездесті.

Қазақстанға жасаған сапары үшін А.Бастрыкинге алғыс білдірген Қ.Қожамжаров, құқық  қорғау саласындағы екіжақты қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктес елдер, соның ішінде қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл мәселесінде», - деді Бас Прокурор.

Өз тарапынан А.Бастрыкин екі жақты ынтымақтастықтың тарихи ерекшелігін атап өтті. «Тергеу комитетінің 11 жылдық қызметінде арамызда нақты қарым-қатынасты орнаттық. Олар негізгі тәжірибелік тергеу бағытында жүргізіледі»,-деді ол.

Қазақстанның Бас прокуратурасы соңғы 5 жылда Ресейден сұратылған тұлғаларды беру туралы 131 өтінішхатты қанағаттандырды. Ал Ресей жағы 272 азаматымызды елге экстрадициялады.

112 сотталған қазақстандық жазасын одан әрі қарай елде өтеу үшін Ресейден алдырылды. Өз кезегінде Ресейге 242 орыс азаматы қайтарылды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының                          Бас прокуратурасы және Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімге, сонымен қатар «Байқоңыр» кешені аумағындағы өзара қатынас жөніндегі Келісімге қол қойды.  

Тараптар бірінші Келісім аясында қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл кезінде, қылмыстарды ашу мен тергеп-тексеру барысында әдіс-тәсілдермен бөлісуге, соның ішінде террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық, экономика мен жоғары технологиялар бағытында тәжірибе бөлісуге келісті.

«Байқоңыр» кешені аумағына қатысты ынтымақтастық туралы Келісім азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуде, қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеп-тексеруді жүргізуде Қазақстан-Ресей серіктестігін одан әрі нығайта түседі.

«Сапар барысында жасалған Келісімдер біздің ынтымақтастығымызға жаңа серпін беріп, бүгінгі күннің қауіп-қатеріне төтеп беруде күшімізді арттырады», - деп өз сөзін қорытындылады Бас Прокурор.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив