Сапарбаев Ақтөбе облысында хиджаб мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

Сапарбаев Ақтөбе облысында хиджаб мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

Бұрын өңірде 530 оқушы хиджаб кисе, тиісті шаралардан кейін 33-і ғана қалған

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев батыс өңірде хиджаб мәселесі қалай шешіліп жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Хиджабқа қатысты заңға сәйкес жүйелі түрде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл мәселеге біз қоғамдық ұйымдарды жұмылдыруымыз керек. Бізде хиджаб киетін балалардың саны 530 болатын, қазір 33 оқушы қалды. Солардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", — деді облыс әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Сапарбаев талап барлық балаға бірдей болуы керектігін атап өтті. 

"Барлық бала қазіргі заманның талабына, мүмкіндігіне сай білім алып, емін-еркін ойнауы керек, спортпен шұғылдануы керек. Бұған мүмкіндік жасау – біздің ата-ана ретіндегі парызымыз, міндетіміз. Егер біз өз парызымызды орындамасақ, ертең балаларымыз өскенде бізге ренжиді. Себебі олар өз қатарластарынан кем болады. Біз бұған жол бермеу үшін жұмыс істеп жатырмыз",  — деді аймақ басшысы.


Read more: sputniknews.kz

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив