Қазақстан 2029 жылға қарай ел аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға тасымалданатын жүк транзитінің деңгейін 5 есеге арттыруды жоспарлап отыр

Қазақстан 2029 жылға қарай ел аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға тасымалданатын жүк транзитінің деңгейін 5 есеге арттыруды жоспарлап отыр

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауды және транзитті дамыту мәселелері қаралды.

Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев баяндағандай, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша республикада жүк тасымалының көлемі 5,5 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға артық. Тасымалдағы отандық операторлардың үлесі 42%-ды құрап отыр.

Транзиттік тасымалдарда да оң үрдіс байқалуда. Өткен жылмен салыстырғанда 44% деңгейінде – 2,5 млн тоннадан 3,6 млн тоннаға дейін өсім байқалады. Негізгі жүк көлемі Қытай еліне тиесілі, аталған бағыт бойынша жүк тасымалы 2 есеге, яғни, 1,5 млн тоннаға дейін артты. Сонымен қатар Қытайдан Еуропаға тасымалданатын транзиттік жүктердің көлемін одан әрі арттырудың үлкен әлеуеті бар. Ағымдағы серпінді сақтай отырып, Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзит деңгейі 2029 жылға қарай 5 есеге артады, бұл ел экономикасының дамуына оң әсер етеді.

Теңіз арқылы жеткізілетін жүктерді автокөлікке аудару және тасымалдарда отандық операторлардың үлесін ұлғайту үшін бонд қоймаларын ұйымдастыру, өткізу бекеттерінің қуатын арттыру, ішкі автопаркті кеңейту, сондай-ақ рұқсат беру құжаттарын бөлудің тиімді жүйесін енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Қорғас» көлік торабын кеңейту шаралары туралы, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Балқаш қаласының айналма жолында жол бойындағы қызмет көрсету нысандары үшін учаскелерді бөлу рәсімдерін жеделдету туралы айтты. Сондай-ақ Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын Ұлттық стандартқа сәйкестендіру туралы баяндады.

Әлихан Смайылов автомобиль көлігімен жүк тасымалдау саласының дамуы экономиканың барлық секторларына оң әсерін тигізетінін атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстан арқылы 8 халықаралық автомобиль дәлізі өтеді. Олардың жалпы ұзындығы шамамен 13 мың км-ні құрайды. Негізгі күре жолдардың қатарында Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Солтүстік – Оңтүстік, ТРАСЕКА және басқаларын айтуға болады.

-- «Аталған бағыттар бойынша жүк тасымалын ұлғайту және жүктердің жылдам өтуін қамтамасыз ету үшін бұл саладағы кедергілерді барынша қысқарту қажет. Олардың қатарына шекарадағы кептелістер мен құжаттардың ұзақ рәсімделуін, инфрақұрылым сапасын, ұйымдастыру жұмыстарының нашарлығын және көптеген басқа да жайттарды жатқызуға болады. Көлік иелерінен келіп түсетін шағымдар көбіне осы мәселелерге қатысты», — деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, жүктер мен құжаттардың тым ұзақ тексерілуі де наразылық туғызады. Бұл ретте цифрлық технологиялар мен ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы бұл мәселелерді осы уақытқа дейін бір жүйеге келтіруге болатын еді.

Сонымен қатар жүктерді бөліп-таратудың аса маңызды инфрақұрылымдық буыны болып табылатын бонд қоймаларын дамыту қажет.

-- «Мұндай әлемдік тәжірибе біздегі өткізу пункттердің жүктемесін азайтып, тасымал көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы сонымен бірге халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыруға рұқсат беретін бланкілерді бөлуде де проблемалар бар екенін айтты. Қазақстан мұндай рұқсаттарды көптеген мемлекеттермен тепе-теңдің негізде алып отыр. Осыған байланысты Үкімет басшысы отандық жүк тасымалдаушыларға бланк беру механизмін қайта қарап, оларға артық талап қоймауды тапсырды.

Премьер-Министр жол бойындағы қызметтің сапасына да назар аударды. Мәселен, Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік дәлізінің іске қосылғанына 5 жылдан асса да, жол бойындағы сервисті әлі күнге дейін дамыта алмай келеді. 

-- «Халықаралық жолдар мен ішкі маршруттардың бәрінде де осындай жағдай. Қызмет көрсету нысандары үшін жол бойынан жер учаскесін беруді әкімдіктер созып жіберді. Осыған байланысты, инфрақұрылымның дамуы тоқтап тұр», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы сондай-ақ жол бойындағы сервис нысандары мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптарды белгіленген Ұлттық стандарт баяғыда қабылдап қойғанын еске салды. Бұл қосымша транзит көлемін тартуға мүмкіндік береді. Алайда, сервис объектілерінің көбі біздің стандартқа сәйкес келмейді.

Премьер-Министр жыл соңына дейін өткізу пункттерінің өткізу қабілетін ұлғайтудың нақты шараларын әзірлеуді тапсырды. Атап айтқанда, Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, өткізу пункттерін толық цифрландырып, барлық ақпараттық жүйелерді интеграциялау қажет.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Көлік-логистика орталықтары мен бонд қоймаларын дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу, сервис объектілерін салу үшін бизнес субъектілеріне жер учаскелерін беруге қатысты рәсімдерді соза бермей, 2 ай мерзімде жүргізу, сондай-ақ инвесторлар тарту және жол бойындағы сервис жобаларын іске асыру бойынша жеңілдетілген механизмді пысықтау қажеттігін атап өтті.

-- «Көлік министрлігі отандық компаниялар үшін шетелдік рұқсат бланкілерін бөлудің тиімді механизмін әзірлеп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізуі қажет», — деп түйіндеді сөзін Премьер-Министр.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Kathi 18 декабря 2023 03:53

    Howdy! Would you mind if I share your blog with my twitter group?

    There's a lot of people that I think would really appreciate your content.

    Please let me know. Thank you

    my site http://big-one.main.jp/album6/album.cgi?mode=detail&no=178

    Hi this is kind of of off topic but I was wondering if blogs use WYSIWYG editors or if
    you have to manually code with HTML. I'm starting a blog soon but
    have no coding skills so I wanted to get advice
    from someone with experience. Any help would
    be greatly appreciated!

    My blog: http://b2cpersonality.com/__media__/js/netsoltrademark.php?d=middleweb3dacademy
    .com

  2. аватар
    Lucas 23 декабря 2023 18:20

    Keep on writing, great job!

    Look into my website http://hcps.barunweb.co.kr/bbs/board.php?bo_table=74&wr_id=85941

    You have brought up a very great points, appreciate it for the
    post.

    my web site - https://svadba-vals.ru/go/url=https://k12onlineed-01.com

    Hi my friend! I wish to say that this post is amazing, nice written and include approximately
    all significant infos. I would like to look more posts like this.


    Feel free to visit my page: https://onlinecareerpathways98.com/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив