ШҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ҚАНДАЙ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ШҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ҚАНДАЙ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында ШҚО Экология департаменті басшысы Данияр Алиевтің қатысуымен «Экологиялық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және жою» тақырыбында тікелей эфир өтті.

«Жалпы, 2021 жылдың басынан бастап 70 мемлекеттік қызмет көрсетілді, барлығы электронды түрде Ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде 13 экологиялық рұқсат және 1 санаттағы объектілер үшін 57 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы берілді. Бұл ретте, 4 өтінім бойынша экологиялық рұқсат беруден және 13 өтінім бойынша жобалау құжаттамасын келісуден бас тартылды. Бас тартудың негізгі себебі ұсынылған жобалардың, оның ішінде жаңадан енгізілген заңнамалық шектеулерді ескере отырып, экологиялық талаптар мен нормативтерге сәйкес келмеуі болып табылады», - дейді Департамент басшысы.

Данияр Алиевтің сөзіне сүйенсек, Департаменттің инспекциялық қызметі ағымдағы жылдың 4 айында 27 тексеру жүргізген. Оның ішінде нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша - 8, өтініштер бойынша - 4, прокуратураның ұсынымдары бойынша - 11, субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау - 4 тексеру.  Жалпы сомасы 23 млн теңгеден астам 18 айыппұл салынған. Сонымен қатар, жалпы сомасы 131,2 млн теңгеге экологиялық залалды өтеуге 16 ұйғарым берілген.

«2021 жылдың есептік кезеңінде Департамент 28 өтінішті қарады, олар бойынша 4 тексеру жүргізілді, 14 бұзушылық анықталды, оның ішінде 11 бұзушылық жойылды, қалған 3-і бойынша ағымдағы жылы орындау мерзімімен іс-шаралар жоспары әзірленді», - дейді Данияр Алиев.

Сондай-ақ, Данияр Алиев Департамент жанынан облыста алғашқы болып мемлекеттік мекемелер арасынан «Адалдық алаңы» кеңсесі құрылғанын атап өтті.

– 2021 жылдың 4 айында жобалық кеңсе арқылы 7 өтініш келіп түсті, олар белгіленген тәртіпте қаралды. 2021 жылдың наурыз айынан бастап жобалық кеңсенің қызметкерлері бос орындарға орналасуға конкурстық қабылдау комиссиясының отырыстарына бақылаушы ретінде қатысып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға тікелей қатысатынын атап өткен жөн. Біздің басты мақсатымыз халыққа сапалы қызмет көрсетіп, барынша ашық болуға тырысу, - деп қорытындылады Департамент басшысы.

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Sally 4 февраля 2024 00:04

    Heya! I'm at work surfing around your blog from my new iphone 3gs!
    Just wanted to say I love reading through your blog and look forward to all your
    posts! Keep up the excellent work!

    Here is my website: Polska

  2. аватар
    Petra 8 апреля 2024 19:45

    Do you mind if I quote a few of your articles as long as I provide credit and sources back to your weblog?
    My blog site is in the very same niche as yours and my visitors would
    really benefit from some of the information you present
    here. Please let me know if this alright with you.
    Thanks!

    My page: Wo kann man levothyroxine legal kaufen

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив