Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

Президент «Шеврон» корпорациясы Қазақстанмен бірлескен кәсіпорын ашқан алғашқы шетел компаниясы екенін атап өтіп, компанияның 30 жылдық мерейтойы еліміздің мұнай-газ саласы үшін айтулы оқиға екенін айтты.

– Бүгінде «Теңізшевройл» жетекші халықаралық компания ретінде еліміздің жалпы экономикалық дамуына табысты үлес қосып келеді. Елімізде өндірілетін мұнайдың үштен бірі «Теңізшевройлға» тиесілі. Компания отыз жыл ішінде 70 миллиард доллар инвестиция құйып, мемлекет бюджетіне 160 миллиард доллардан астам кіріс әкелді. Компания тауарлар мен қызметтердің 70 пайызын жергілікті өнім жеткізушілерден сатып алады. «Теңізшевройл» жұмысшыларының 95 пайыздан астамы – Қазақстан азаматтары, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, компания мұнай саласында озық технологияларды белсенді түрде қолданып, көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізуге септігін тигізетін шараларды дәйекті түрде қабылдап жатыр.

– 2000 жылдан бері компания ауаға таралатын шығарындылардың көлемін 75 пайызға азайтты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуға тиіс. Теңіз кен орнындағы өндірісті ауқымды түрде кеңейту жобаларының жүзеге асырылуы аяқталып келеді. Бұл елімізге мұнай өндірісінің көлемін тағы да 12 миллион тоннаға арттырып, әлемдегі ең ірі мұнай жеткізуші елдердің қатарына кіруге мүмкіндік береді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы жаңа шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне баса назар аударғанын атап өтті. Оның пікірінше, «Теңізшевройл» бұл бағытта да маңызды рөл атқарады. Компанияның ауқымды өндірістік қуатының арқасында әртүрлі салада жүздеген жаңа кәсіпорынның пайда болуына экономикалық негіз қаланды. Соның нәтижесінде он мыңдаған жұмыс орны ашылды.

Бұдан бөлек, Президент «Теңізшевройлдың» әлеуметтік жауапкершілігі туралы айтты. Кәсіпорын отыз жылда 100-ден астам ірі әлеуметтік жобаны іске асырған. Атап айтқанда, мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен басқа да нысандардың құрылысына қомақты қаржы бөлген.  

Жиын соңында Президент отандық мұнай саласына сіңірген ерекше еңбегі үшін бірқатар еңбек ардагері мен компания қызметкерлерін мемлекеттік  наградалармен марапаттады.

«Құрмет» орденімен еңбек ардагерлері Жанұзақ Оразов, Жеңіс Сейтаев, Көбентай Сүйесінов, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен еңбек ардагерлері Мұхит Әбілғазиев, Мырзақуат Қарабалин, Леонид Торопкин, Айтқали Ұйпақов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Теңізшевройл» ЖШС екінші буындағы зауытының басқарушысы Данияр Бижанов, еңбек ардагерлері Болат Ерниязов, Орынбай Жәкиев, «Теңізшевройл»  ЖШС біріктірілген өндірісті басқару орталығының басшысы Руслан Инебаев, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен «Теңізшевройл» зауытының басшысы Нұрлан Бектаев наградталды.

https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-tenizshevroyl-kompaniyasynyn-30-zhyldygyna-arnalgan-saltanatty-zhiynga-katysty-431954

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив