Қазақстан ЕҚДБ-мен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті – Әлихан Смайылов

Қазақстан ЕҚДБ-мен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті – Әлихан Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитай Қазақстанда 2023 жылға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларды талқылады.

Тараптар банк секторын, жаңа өндіруші қуаттарды енгізу бөлігінде энергетика саласын дамыту, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды, соның ішінде кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Әлихан Смайылов Қазақстан ЕҚДБ-мен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын және банктің құрылымдық реформаларды жүргізуге қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

-- «Үкімет “жасыл” экономика, көлік және логистика, жаңартылатын энергия көздері мен жеке бизнесті дамыту салаларындағы жобаларды іске асыру бойынша белсенді бірлескен жұмысқа дайын. Біз елдік және өңірлік деңгейде ынтымақтастығымызды кеңейтуге ниеттіміз», — деді ол.

Сонымен қатар Премьер-Министр экономикалық даму шеңберінде республикада декарбонизациялауға ерекше назар аударылатынын, осыған байланысты биылғы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілгенін айтты.

Өз кезегінде Жужанна Харгитай ЕҚДБ-ның барлық қолданыстағы және жоспарланған жобалар бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізуді мақсат еткенін растады. Бұл ретте ол Банктің экономиканың басым салаларында жаңа «жасыл» бастамаларды пысықтауды жандандыруға дайын екендігін атап өтті.

https://primeminister.kz/kz/news/azastan-edb-men-yntymatastyty-keeytuge-nietti-likhan-smayylov-23081

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив