Мәулен Әшімбаев: «Ұлттық мүдделерді құрметтеуге негізделген ынтымақтастық – ТМД елдерінің ұзақ мерзімді тұрақты дамуының іргетасы»

Мәулен Әшімбаев: «Ұлттық мүдделерді құрметтеуге негізделген ынтымақтастық – ТМД елдерінің ұзақ мерзімді тұрақты дамуының іргетасы»

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ Парламент депутатымен бірге ТМД Парламентаралық Ассамблеясының іс-шараларына және Қазақстан мен Өзбекстан Парламенттері Сенаттары арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу үшін Өзбекстанға келді.

Мәулен Әшімбаев ТМД ПАА Кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде биыл Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ететініне тоқталды. Сондай-ақ ол өзара мүдделі салалардағы іс-қимылды нығайтуға және ынтымақтастықты арттыруға бағытталған жұмыстың негізгі басымдықтары мен нәтижелеріне назар аударды.

Сенат Төрағасы ТМД Саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Достастық аясындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар жаңа бастама ұсынғанын атап өтті. Осыған орай Мәулен Әшімбаев әріптестерін Қазақстанның ұсыныстарын қолдауға шақырды. Одан бөлек, парламенттік дипломатияны одан әрі ілгерілетудің және ТМД елдерінің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын тілге тиек етті.

«Прагматикалық және өзара сенімділік бағытында бірлескен жұмысымызды дәйекті түрде жалғастыру өте маңызды. Біздің елдеріміздің ұлттық мүдделерін өзара құрметтеуге негізделген жан-жақты ынтымақтастық Достастық кеңістігінде ұзақ мерзімді орнықты дамудың іргетасы екені анық. Бұл экономиканың өсуіне және барлық мүше елдер азаматтарының әл-ауқатын арттыруға жағдай жасайды. Дәл осындай форматта ТМД Парламентаралық Ассамблеясы алаңындағы өзара іс-қимыл және диалог қалыптасады», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Спикері Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері жөніндегі республикалық референдумға халықаралық байқаушылар тобын жібергені үшін ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы мен Парламенттеріндегі әріптестеріне алғыс білдірді.

«Қазақстан үшін бұл референдумның тарихи маңызы зор болды. Референдумның нәтижесі Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформаларды бекіте түсті. Қазақстандықтар жүйелі өзгерістер мен эволюциялық дамуды қолдап дауыс берді. Конституцияға енгізілген түзетулердің қабылдануы еліміздің билік институттарын қалыптастыру мен өзара іс-қимылдың жаңа моделіне көшуге жол ашады», – деген Мәулен Әшімбаев Достастықтың парламентшілерін биылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауына дайындық пен оны өткізу барысын бақылауға белсенді қатысуға шақырды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив