Қазақстанның Сыртқы істер министрі жұмыс сапарымен Бельгияға барды

Қазақстанның Сыртқы істер министрі жұмыс сапарымен Бельгияға барды

Бельгияға жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бельгияның Вице-Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі Софи Вильмес, Еуроодақ Президентінің Сыртқы саясат жөніндегі бас кеңесшісі Саймон Мордю, Еуропалық Одақтың Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Имон Гилмор, Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің бас хатшысы Стефано Санино, сондай-ақ Еуроодақтың Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Терри Хакаламен бөлек келіссөздер жүргізді.

Қазақстан мен Еуропалық Одақ екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді, көпжоспарлы ынтымақтастықты дамыту ниетін растады. Қазақстан СІМ басшысы М.Тілеубердінің ЕО және Бельгия басшылығымен келіссөздерінің негізгі тақырыбы осындай болды. 2020 жылғы наурызда қол қойылған Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім Қазақстан-Еуропа қатынастарының сапалы жаңа кезеңін бастауға мүмкіндік берді.

Еуропалық серіктестермен келіссөздердің басты тақырыбы Қазақстан-Еуропалық трегіндегі өзара іс-қимылды жандандыру, соңғы қайғылы оқиғаларды ескере отырып, Қазақстандағы ағымдағы жағдай, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге 2021 жылғы 25-26 қарашадағы алғашқы ресми сапарының қорытындыларын іске асыру жөніндегі шараларды талқылау болды.

Министр еуропалық серіктестерді елдегі ішкі саяси жағдай және ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің қатысуымен жүргізілген терроризмге қарсы операция және оларды ҚР-дан шығарудың ағымдағы процесі туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қол жеткізілген демократиялық жетістіктер мен қайта құруларды сақтауға елдің бейілділігін растады.

И. Гилмор және Т. Хакаламен кездесулердің басты тақырыбы адам құқықтары мен аймақтық қауіпсіздік мәселелері болды. Министр сұхбаттастарын Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың негізгі аспектілері туралы хабардар етті.

Тараптар еліміздегі кең ауқымды реформаларға қолдау білдіріп, Қазақстан мен ЕО арасындағы заң үстемдігі және жалпы қазақстандық-еуропалық әріптестікті нығайту үшін демократияландыру мәселелеріндегі сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Министрдің Еуропалық Кеңес Президентінің Сыртқы саясат жөніндегі бас кеңесшісі С.Мордюмен, сондай-ақ бельгиялық визавимен келіссөздері барысында ҚР Президентінің Брюссельге ресми сапары және оның Король Филип және Премьер-министр Александр Де Кромен келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтар талқыланды.

Халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу барысында БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Келіссөздердің күн тәртібіне өңірлік мәселелер, соның ішінде Ауғанстандағы жағдай, Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық және су ресурстарын басқару мәселесі кірді.

Сапар аясында Министр М.Тілеуберді еуропалық БАҚ үшін Қазақстандағы қазіргі жағдай туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысының еліміздің одан әрі дамуы жөніндегі жаңа реформалары туралы баспасөз конференциясын өткізді.

Брюссельде болған кезде Қазақстан СІМ басшысы М.Тілеуберді Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен телефон арқылы сөйлесті. Францияның Еуропалық Одақ Кеңесіндегі ағымдағы төрағалығын ескере отырып, тараптар ү.ж. сәуірде ҚР-ЕО Ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысын өткізу туралы келісті.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив