МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ҚХА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ҚХА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2021 жылғы 15 қыркүйек күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесті.

Іс-шараға облыс әкімі, Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ноғаев, облыстағы шешен-ингуш, армян, әзірбайжан, татар, неміс, украин, румын-молдаван, беларусь, корей, еврей этномәдени бірлестіктерінің басшылары қатысты.

Кездесу барысында ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің жұмысы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда, этностардың азаматтық бірегейлік қағидаттарында бірігуінде, мемлекеттік тілді үйренуде – этносаралық коммуникация негізі ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктердің қызметіне және ҚХА-ның этносаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыс жоспарларына қатысты ағымдағы мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, этномәдени бірлестіктердің қызметіне жобалық тәсілдерді енгізу, мемлекеттік тілді ілгерілету, қайырымдылық және волонтерлік жұмыс, ҚХА жастары қозғалысын дамыту және т.б. мәселелер қаралды.

Кездесу барысында этномәдени бірлестіктердің басшылары өз ұйымдарының жұмыс жоспарларымен таныстырды, Ассамблеяның әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын іске асыруды талқылады, ҚХА-ның ХХІХ сессиясында қабылданған шешімдердің орындалуы туралы баяндады.

Кездесу соңында Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктердің жекелеген өкілдеріне Алғыс хаттар тапсырып, оларға қоғамдағы татулықты, достық пен келісімді нығайтудағы жұмыстары үшін алғыс айтты.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив