Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовтің аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдады,- деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі

«Облыс әкімінің айтуынша, физикалық өсім индексі 5 пайызға жетсе, негізгі капиталға салынған инвестиция 5 пайыздан асқан. Ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларында да едәуір өсім байқалады.

Кездесуде экономиканы одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, өндіріс қарқынын екі есе арттыруға мүмкіндік беретін «Ақтоғай» металлургия кешенінің екінші кезегін аяқтау мәселесі сөз болды.

Сонымен қатар Президентке өңірдегі білім беру нысандарын дәстүрлі форматқа көшіруге дайындық жұмыстары туралы ақпарат берілді. Білім беру саласының қызметкерлері түгелдей дерлік вакцина салдырған.

Жалпы, облыста күніне 10 мың адамға вакцина салынады. Негізгі контингентке қыркүйек айының соңына дейін вакцинаның бірінші компоненті, ал қазан айының соңына дейін екінші компоненті салынады. Жалпы 747 мың адамға екпе салу жоспарланған.

Даниал Ахметов Мемлекет басшысын бұқаралық спортты дамыту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы да хабардар етті. Мектептегі спортты дамытуға қосымша 890 миллион теңге бөлінген. Бүгінде мектеп оқушыларының 50 пайыздан астамының спортпен шұғылдануға мүмкіндігі бар. Биыл тағы 15 ірі спорт нысанының құрылысын аяқтау жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді орындау маңызды екенін атап өтіп, өңірдегі көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға үздіксіз көмек көрсетуді тапсырды», - деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив