Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ВАК отырысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ВАК отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 12 тамызында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде қала әкімі А.С. Көлгіновтің төрағалығымен елордалық полиция департаментінің бастығы Е. С. Сәденовтың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының м.у.а. Акилбаев М.Ж., санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Бейсенова С.С., Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұратов Т. М., аудан әкімдері Бекмырзаев Е. О., Жакенова Б.О., Нұрсағатов Н. Т. және Байкен Е. Б.

Комиссия қатысушылары елордада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, вакцинациялаудың жалған электрондық паспорттарын рәсімдеу фактілері бойынша қабылданып жатқан алдын алу шаралары туралы, сондай-ақ мониторингтік топтардың жұмысы туралы мәселелерді қарады.

Елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз сөзінде тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық үшін үкімдер мен сотталғандар туралы хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Egov.kz деректер базасына "covid-19" профилактикасы шеңберінде вакцинациялауды нақты жүргізбестен жалған денсаулық паспорттарын дайындау және өткізу фактілерінің жолын кесу туралы хабарлады.

Отырыс нәтижелері бойынша баяндамашылардың ақпараттары комиссия мүшелерімен назарға алынды. Қала әкімі денсаулық сақтау басшысына және аудан әкімдеріне пандемиядан туындаған осындай күрделі кезеңде сыбайлас жемқорлық көріністеріне "мүлдем төзбеушілікті" қалыптастыру жөніндегі шараларды күшейту туралы тапсырмалар берді.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив