Қазақстан ТМД СІМК жұмысына қатысты

Қазақстан ТМД СІМК жұмысына қатысты

 

Мәскеу, 2021 жылғы 2 сәуір – Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Ресей астанасында Беларусь Республикасының төрағалығымен өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

ТМД елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде өңірлік қауіпсіздік проблематикасын, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. 2020 жылы Достастық мемлекеттері Сыртқы істер министрліктерінің бейінді департаменттерінің өзара іс-қимылы туралы ақпарат тыңдалды.

Отырысқа қатысушылар қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуді көздейтін құжаттарды мақұлдады.

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімін орындау үшін сыртқы істер министрлері дене шынықтыру және спорт саласындағы, сондай-ақ туризм және жастар байланыстары саласындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қысқа мерзімді іс-шаралар жоспарын бекітті. Тараптар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының басталуының 80 жылдығына байланысты ТМД мемлекеттері басшыларының Достастыққа қатысушы мемлекеттер халықтарына және әлемдік қоғамдастыққа үндеуінің жобасын келісті.

ТМД СІМК отырысы аясында М.Тілеуберді Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен екіжақты келіссөздер жүргізді. Тараптар қазақстан-түрікмен қатынастарының жоғары қарқынын атап өтті, сондай-ақ екі мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындық мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз Қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив