Қазақстан мен Монако дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 10 жылдығын атап өтуде

Қазақстан мен Монако дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 10 жылдығын атап өтуде

 

Монако Князьдігінде Қазақстанның Франциядағы және Монакодағы қоса атқарушы Елшісі Жан Ғалиев Князьдіктің Үкімет басшысы Серж Тэлльмен, Монако Ұлттық кеңесінің (Парламентінің) Сыртқы істер комитеті төрағасы Жозе Бадиамен және Князьдік сыртқысаяси ведомствосының департамент басшысы Мари-Катрин Карузо-Раверамен келіссөздер жүргізді.

Князьдік Үкіметінде өткен кездесу барысында С.Тэлль Қазақстан басшылығының ел экономикасын дамытуға бағытталған күш-жігерін құптап, Астанаға сапармен баруға дайын екендігін растады.

Ж.Бадиамен кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың алғашқы онжылдығының негізгі нәтижелері талқыланып, ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегі белгіленді. Елші өткен кезеңде саяси диалогты, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгері дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті. Серіктестіктің перспективалық бағыттары ретінде инновация, цифрландыру, «жасыл» технологияларды дамыту, туризм, спорт, медицина және мәдени алмасулар аталды. Халықаралық және аймақтық ұйымдардағы, атап айтқанда БҰҰ, ЕҚЫҰ, Халықаралық Олимпиада комитетіндегі өзара ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Ж.Бадиа Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістермен танысты. Монако сыртқысаяси ведомствосы басшысы ретінде Астанада сапармен болған Ж.Бадиа іс-қимылдардың уақыттылылығын және Қазақстан Президентінің көрегенділігін атап өтті.

Тараптар екіжақты деңгейде де, парламенттік ассамблея аумағында да парламентаралық диалогты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандық дипломат 2019 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада Еуразия елдері парламент жетекшілерінің IV жиналысы өтетіндігі туралы хабарлады және Ұлттық кеңес төрағасы атына шақыруды берді. Елші әлемдегі ең ірі континенттің заңнамалық органдар басшылары кездесуінің негізгі мақсаты оның халықтарының әл-ауқатын жақсарту үшін бірлескен ұсыныстар енгізу екенін атап өтті.

Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуде тараптар әлемдегі қазіргі ахуал туралы пікір алмасты және екі жақты әріптестікті дамыту бойынша алдағы қадамдарды талқылады.

Сондай-ақ, ҚР Елшісі екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 10 жылдығына орай және «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен Жастар жылы аясындағы салтанатты іс-шараға және Қазақстан Елшілігі мен Қазақстанның Монакодағы Бас Құрметті консулдығы бірлесе ұйымдастырған «Тұран» халық аспаптар жастар ансамблінің концертіне қатысты.

  

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив