Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Бразилиядағы Елшісінің брифингі өтті

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Бразилиядағы Елшісінің брифингі өтті

Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Қайрат Саржанов Сыртқы істер министрлігінде қазақстандық БАҚ өкілдеріне арнап, Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастықтың ахуалы мен келешегі туралы брифинг өткізді.

Брифинг барысында елші 2007 және 2009 жылдары ең жоғары деңгейде өткен өзара мемлекеттік сапарлар негізін қалаған Қазақстан мен Бразилияны достық және сенімгерлік қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Қазақстандық дипломат ерекше назарды жүйелі саяси диалогты қолдау, сауда-экономикалық өзара қарым-қатынасты дамыту және ынталандыру, мәдени-гуманитарлық өзара ықпалдастықты нығайту, шарттық-құқықтық дерекқорды кеңейту мәселелеріне аударды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан мен Бразилия дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығын тойлады. Елші атап өткендей, осы мерейтойға орай Қазақстан мен Бразилия Президенттері екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілділіктерін білдіріп, құттықтау хаттармен алмасты. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Бразилияның сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға 1 қарашада екіжақты қарым-қатынастар тарихында алғаш рет жасайтын сапары Бразилияның Қазақстанмен өзара ықпалдастығын нығайтуға мүддесін дәлелдейтіндігін атап өтті.  Елші алдағы сапар екіжақты өзара ынтымақтастықтың барлық спектріне серпін жасап, оны сапасы жағынан жаңа деңгейге шығаруға, көпжақты күн тәртіптің өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарды салыстыруға, ынтымақтастықтың одан әрі басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.

Сауда-экономикалық бағытындағы екіжақты ынтымақтастық аясында осы жылы Қазақстаннның Бразилияға экспорттайтын тауарлар тізіміне  бірінші рет табиғи уран концентраты қосылғаны атап өтілді. Елші бұл Қазақстан мен Бразилия арасындағы энергетика саласындағы, атап айтқанда бейбіт мақсаттарда атом энергиясын қолдану саласындағы ынтымақтастығын дамыту үшін үлкен маңызға ие оқиға екендігін айтты. Бұған қоса, бразилиялық инвесторлардың Оңтүстік Америка елінің жаңғырмалы энергия көздері саласында іске асырып жүрген жобалардағы үлкен тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанда жаңғырмалы энергия көздері негізіндегі электр станциясын құруға қызығушылықтары белгіленді. Өз кезегінде Елші ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуеті бар екендігін хабарлап, Бразилияның агроөнеркәсіптік кешен мамандарын даярлау және оқу бағдарламарын әзірлеу, сондай-ақ агроинновациялармен алмасу тәжірибесі ерекше қызығушылық тудыратындығын баса айтты.  Дипломат мәдени-гуманитарлық өзара ықпалдастықты нығайту маңыздылығын да атап өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы түрлі жобаларды ілгерілету,  Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын португал тіліне аудару, Астана мен Бразилиа арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды орнатып, елордаларды жақындату бойынша Елшіліктің атқарып жүрген жұмысына ерекше көңіл аударылды.

Соңғы жылдары екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық дерекқоры кеңейді: құқық саласындағы үш мемлекетаралық шарттарға қол қойылып, ауыл шаруашылығы, энергетика, жасыл технологиялар, инвестициялар, ғарыш, денсаулық сақтау, туризм және тағы басқа салаларда келісімдер жасасу бойынша келіссөздер өткізілуде.

Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігі Оңтүстік Америка құрлығындағы еліміздің жалғыз дипломатиялық өкілдігі болып табылады және Бразилиядан басқа оның құзырына Аргентина, Чили, Боливия, Венесуэла, Колумбия, Парагвай, Перу, Уругвай және Эквадор да кіреді. Елші қазіргі таңда Оңтүстік Америка қалыптасып келе жатқан көпполярлық әлемдік ахуалдың негізгі тіреуі, даму тұрғысынан әлемдегі ең тез өсіп келе жатқан және келешегінен мол үміт күттіретін, табиғи-ресурстық әлеуеті мол өңір болып табылатындығын айтты.

Қазақстандық дипломат Бразилия және Оңтүстік Америка өңірінің өзге елдерімен өзара ықпалдасу үшін жақсы алғы шарт пен үміт күттіретін таушалар бар деп қорытындылап, іскерлік топтар мен мүдделі мемлекеттік органдарды белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

 

                                                           Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив