Қазақстан-Франция арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған келісім

Қазақстан-Франция арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған келісім

20 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Француз Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасындағы «Абай-Верн» бағдарламасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Келісім жоғары білікті кадрларды даярлау, интернационалдандыру стратегиясын және қос дипломды білім беруді дамыту үшін жоғары білім беру саласындағы қазақстандық-француз әріптестігін нығайтуға бағытталған.

Келісім аясында бүгінгі таңда Францияның жоғары оқу орындарына 90 магистрант және 10 докторант жіберіледі. Француз тарапы Қазақстан азаматтарына мынадай артықшылықтарды көздейтін әлеуметтік жәрдемақылар береді:

– тегін оқыту;

– мемлекеттік жоғары оқу орындарында тіркеу жарнасын төлеуден босататын Француз үкіметі стипендиатының мәртебесі;

– француз әлеуметтік сақтандырудың жалпы жүйесіне тіркеу;

– тегін ұзақ мерзімді студенттік виза;

– жатақхананың қолданыстағы тарифтері бойынша студенттік жатақханадан орын бөлу кезіндегі басымдық;

– тұрғын үйді төлеу үшін көмек алу, сондай-ақ «clé» жүйесін пайдалану мүмкіндігі (Француз мемлекеті тұрғын үйді жалға алу кезінде кепілгер ретінде болғанда);

– мәдени бағдарламалар мен іс-шараларға қатысу үшін жеңілдікті тарифтер;

– Францияның заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсету құқығы.

Бүгінгі күні осы бағдарламаны іске асыру шетелде академиялық ұтқырлық аясында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, магистранттарға 800 еуро және докторанттарға 1200 еуро көлемінде стипендия төленеді. Осы Ереже бөлінген қаражатты пайдалану бойынша магистранттар мен докторанттардан ай сайын есеп беруді және пайдаланылмаған қаражатты өтеуді көздеген болса, ендігі кезекте стипендия бойынша қаражатты жұмсау және үміткерлерді іріктеу бойынша шектеулер алынып тасталады.

 

                                      ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив