Қ. Әбдірахманов  АӨСШК Хатшылығының  Атқарушы директорымен кездесті

Қ. Әбдірахманов АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директорымен кездесті

 

АСТАНА, 2018 жылғы 21 қараша - Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жақында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығының Атқарушы директоры лауазымына тағайындалған Хабиб Мирзозоданы қабылдады.

2018 жылғы қыркүйекте Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы алаңдарында өткен АӨСШК-не мүше мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кездесуі барысында 2018-2020 жж. мерзіміне Форум төрағалығы Қытайдан Тәжікстанға табысталды.

Кездесу барысында Министр Қ. Әбдірахманов бауырлас Тәжікстанды күрделі халықаралық жағдайда жаңа жауапты миссияның басталуымен құттықтай отырып, Қазақстан Форумның негізін қалаушы мемлекет болғандықтан жұмысына белсене қатысуға және жаңа төрағаға жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді.

Кездесу барысында сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларына ерекше назар аударды. Астанада Азия кеңесінің негізінде Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының, АӨСШК-тің және АСЕАН өңірлік форумы халықаралық хатшылықтар басшыларының кездесуін ұйымдастыру туралы өзара пікір алмасу өтті. Оның табысты өткізілуі жақын арада Еуразия және Евроатлантикадағы қауіпсіздік бойынша халықаралық Конференция құру процесін бастауға мүмкіндік береді.

Сұхбаттасушылар Форум мүшелері көпшілігінің қолдауына ие болған Азиядағы қауіпсіздік пен дамудың жаңа халықаралық ұйымын құру жөніндегі қазақстандық бастаманы жүзеге асырудағы бірлескен жұмысты сараптамалық деңгейде жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Тараптар АӨСШК жұмысында сабақтастықты қамтамасыз ету және Форумға мүше елдердің, әсіресе Кеңестің бұрынғы төрағасы Қытай (2014-2018 жж.) тарапынан құрылған Жастар және Іскерлік кеңестері, Үкіметтік емес форумы, Кеңестің жаңа мүшелері ретінде Катар, Бангладеш және Шри-Ланка мемлекеттері қабылданып, Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы мен Халықаралық көші-қон ұйымы бақылаушы мәртебесіне ие болған маңызды бастамаларын одан әрі дәйекті түрде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры атап өткендей, Тәжікстан, Қазақстанның белсенді қолдауымен Кеңеске өз төрағалығы кезеңінде Форумның географиясын кеңейту және оның барлық бес өлшемі (әскери-саяси, экономикалық, экологиялық және гуманитарлық, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлерге қарсы күрес саласындағы практикалық ынтымақтастығын күшейту) бойынша жұмысты жалғастыруға дайын.

Арнайы ұйымдастырылған кездесу барысында тараптар 2019 жылы Тәжікстанда өтетін АӨСШК мемлекет басшыларының кезекті бесінші Саммитін дайындау мен өткізу, сондай-ақ Азия кеңесін одан әрі дамыту және институционалды нығайту мен Форум Хатшылығын сапалы кадрлармен нығайту мәселелерін талқылады.

АӨСШК - 1992 жылы Қазақстан бастамасымен құрылып, Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара сұхбаттың негізін салу, шешімдерді қабылдау мен шараларды іске асыру үшін жағдай жасауға бағытталған халықаралық форум болып табылады.

Бүгінгі таңда Азияның 27 мемлекеті АӨСШК-нің мүшелері. Бақылаушылар ретінде Форумға 8 мемлекет және 5 халықаралық ұйым қатысады.

2014 жылдан бастап АӨСШК штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан.

 

 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив