Варшавада Қазақстан-Польша арасындағы 2018 жылғы саяси және экономикалық ынтымақтастығына қорытынды жасап, болашаққа жоспарлар бегіледі

Варшавада Қазақстан-Польша арасындағы 2018 жылғы саяси және экономикалық ынтымақтастығына қорытынды жасап, болашаққа жоспарлар бегіледі

 

2018 жылғы 15-16 қарашада Варшавада Қазақстан мен Польша Сыртқы істер министрліктерінің арасында тұрақты саяси консультациялар өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал Польша делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Бартош Чихоцкий басқарды.

Келіссөздер екі ел үшін өте маңызды оқиғалардың аясында өтті. Егер Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында айтылған бастамаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатса, Польшада 2018 жылы 11 қарашада тәуелсіздіктің жүз жылдығына арнайы ұйымдастырылған салтанаты аяқталды.

Бұл іс-шаралар поляк ресми топтары, сарапшылар қауымдастығы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен Варшавада өткен кездесулерге ерекше үндестілік және практикалық бағыт берді.

Делегация өзінің бағдарламасын «Польша - Қазақстан» ынтымақтастығының парламенттік тобының басшысы Барбара Бартущ бастаған Сейм тобының – Ұлттық Ассамблеяның төменгі палатасы (парламент) – мүшелерімен кездесуден бастады. Поляк депутаты Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі топ 53 депутатты біріктірген Сеймдағы ең үлкен топ болып саналатынын атап өтті. Тараптар заң шығарушы органдардың өзара белсенді сапарларына, оның ішінде Сейм 10 мүшесінің 2018 жылы мамырда Қазақстанға жасаған сапарына және Сенат депутаты Тілеубек Мұқашевтің 2018 жылы шілдеде Польша астанасына жасаған сапарына оң баға берді.

2019 жылдың бірінші жартысында «Қазақстан - Польша» парламентаралық достық тобының төрағасы Сапар Ахметовтың басшылығымен Парламент Мәжілісінің Варшаваға сапарын ұйымдастыру ниеттерін білдірді.

Варшавада өткен кездесулер барысында Польша тарапы еліміздің ішкі және сыртқы саясатының түрлі аспектілеріне қызығушылық танытты. Қазақстандық делегацияның Польша «Шығыстану орталығы» директорының орынбасары Матеуш Гняздовский бастаған осы беделді ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылар тобымен кездесуі ерекше болған жоқ. Варшава үшін геосаяси және экономикалық тұрғыдан маңызды Орталық Азиядағы оң үрдістер, яғни өңірдегі қауіпсіздік саласындағы сын-қатерлер, Қазақстан-Польша ынтымақтастығының ахуалы мен келешегі, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастардың оң динамикасы, «Белдеу және жол» бастамасын іске асыру, Каспий теңізінің мәртебесін реттеу, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарды дамыту, сондай-ақ ЕО жаңа өңірлік стратегиясын әзірлеу аясының тұрғысынан терең талқыланды.

Польша сарапшыларының назары ү.ж. 13 қарашада Астаналық клубтың төртінші отырысында өзге де мәселелермен бірге АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропалық Одақ арасындағы диалогтың жаңа форматтарын іздестіру, сондай-ақ Еуразиядағы қауіпсіздік жөніндегі конференцияны Астанада өткізу ұсынысы қозғалған ҚР Президентінің сөйлеген сөзіне аударылды.

16 қарашада кездесулердің бағдарламасы Қазақстанның Варшавадағы Елішілігінде ұйымдастырылған «Посполит сөзі» беделді поляк басылымының бас редакторы Богуслав Хработаны «Қазақстанның дипломатиялық қызметіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттау рәсімінен басталды. Поляк журналисі Қазақстан-Польша ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесімен, мемлекетіміздің саяси және экономикалық өмірінің әр түрлі аспектілерін белсенді түрде жариялағаны үшін ерекшеленгенін айтып өту қажет.

Марапаттау рәсімінен кейін қазақстандық дипломат «Посполит сөзі» газетінің саяси журналисі Анджей Ломановскийге жан-жақты сұхбат берді.

Р. Василенконың Варшаваға жасаған сапарының басты оқиғасы Бартош Чихоцкиймен өткен келіссөздері болды. Тараптар сындарлы келіссөздердің аясында Астана мен Варшаваның 2018 жылдағы екіжақты және халықаралық аренадағы өзара ықпалдастығының қорытындыларын қарастырды.

Тараптар 2016-2017 жылдары өткен президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Анджей Дудадың өзара мемлекеттік сапарлары күшті серпін берген Қазақстан - Польша қарым-қатынастарының жоғары серпінділігі мен сенімділігін қанағаттанғандықпен атап өтті.

Саяси және экономикалық байланыстардың серпінін сақтаудың маңыздылығы атап өтілді, өзара әрекеттестіктің басым бағыттары анықталды.

Дәстүрлі түрде тұрақты оң үрдісті көрсететін сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға басымдық берілді. Атап айтқанда, 2018 жылғы алғашқы үш тоқсанның қорытындысы бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзара сауда 67%-ға өсті және Қазақстан үшін оң сауда балансының сальдосы 1,33 млрд. долларға жетті. Қазақстан мен Польша іскер топтарының өзара мүдделілігінің маңызды көрсеткіші ретінде Польша капиталының қатысуымен, Polpharma және Selena Group сияқты флагмандарды қоса алғанда, қазақстандық нарықта 200-ден астам кәсіпорынның жұмыс атқаратындығы атап өтілді.

Қазақстан мен Польша Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары үкіметаралық және ведомствоаралық ынтымақтастық механизмдерінің табысты жұмысын, экономика саласындағы жетілдірілген құқықтық базаны қалыптастыруды атап өтті. Тараптар 2017 жылғы мамырдан бастап Астана мен Варшава арасындағы тікелей тұрақты рейстің іске қосылуы өзара бизнес жүргізу шарттарын жақсартуға, адамдар арасындағы байланыстарды кеңейтуге және өзара туристік ағымдарды арттыруға мүмкіндік бергендігін атап өтті.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру мақсатында тараптар көлік-транзит саласында ағымдағы қиындықтарды жою бойынша күштерді үйлестіруді күшейтуге, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, агротехника, қаржы, туризм бағыттарын кеңейту шараларын жандандыру туралы уағдаласты. Осы мақсатта жаңа салалық келісімдерді жасау арқылы шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейтудің келешегі талқыланды.

Халықаралық аренадағы өзара әрекеттестік аясында тараптардың 2018 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерінің мәртебесінде Астана мен Варшаваның табысты өзара әрекеттесуіне қолайлы жағдай жасаған аймақтық және ғаламдық күн тәртібіндегі тараптардың сәйкестігі немесе жақындығы атап өтілді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде екі жылдық өкілеттігін аяқтаған Қазақстандық дипломатия басшысының орынбасары 2019 жылы осы лауазымда жұмыс атқаратын поляк әріптестеріне жаңа табыстар тіледі. Президент А. Дудадың алдыңғы жылдың 18 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Нью-Йоркте өткен «ЖҚЖ таратпау: сенім шаралары» тақырыбындағы тақырыптық брифингке қатысуы жоғары бағаланды. Өз кезегінде Б. Чихоцкий Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларына ағымдағы жылы мамырда Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы барысында өткізілген іс-шараларға қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Тараптар ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, лаңкестікке қарсы күрес, бітімгершілік, Ауған мәселесі, Украина және оның айналасындағы жағдай, халықаралық ұйымдар аясындағы сайлау барысында қолдау сияқты өзара ынтымақтастықтың салалары бойынша ұстанымдарын талқылады.

Консультациялар барысында білім және мәдениет салаларындағы қарым-қатынастарға, оның ішінде Қазақстандағы 34 мың адамды құрайтын поляк диаспорасының әлеуетін пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылды. Поляк тарапы Польша тәуелсіздігінің 100 жылдығына орай Гданьск Ұлттық мұражайында 2018 жылы қазан-желтоқсан аралығында өткізілетін «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнердің үздік туындылары» ауқымды бірегей көрмесін ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

Р. Василенко Польшаға жасаған сапарының соңында Польша Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Павел Солохпен кездесті. Орталық Азия және Ауғанстан, Каспий аймағындағы жағдай, сондай-ақ қазақ-поляк саяси-экономикалық әріптестігінің өзекті мәселелері талқыланды.

Делегацияның Польшаға сапарының қорытындысы Астана мен Варшава арасындағы өзара әрекеттестіктің сенімді және сындарлы сипатын, сондай-ақ тараптардың саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталғандығын растады.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив