Бразилияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

Бразилияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанға екіжақты қатынастардың тарихындағы тұңғыш ресми сапармен Астанаға келген  Оңтүстік Америкадағы ірі мемлекеттің сыртқы саяси мекемесінің басшысы Бразилия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Алоизио Нунеспен кездесті.

Қазақстанға ресми сапар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25 жыл толуына орайластырылып, достық пен ынтымақтастықты нығайтудың жаңа кезеңі болып табылады. Осы жылдар ішінде Қазақстан мен Бразилияның серіктестігі 2007 – 2009 жылдардағы жоғарғы деңгейдегі сапар алмасудың арқасында айтарлықтай нығая түсті. 2016 жылғы қыркүйекте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Бразилияның Президенті М. Темермен Қытайда өткен «G20» саммитінің алаңында қысқа кездесуі болды.

Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы негізгі сауда серіктесі екенін ескере отырып, Министр Қ.Әбдірахманов іскерлік байланыстарды жандандыру, екжақты экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту үшін қазақстандық және бразилиялық бизнес-қауымдастық өкілдерінің іскерлік форумдары мен «B2B» кездесулерін өткізудің маңыздылығын баса айтты. Былтырғы жылы екі жақтық тауар айналымы 135 миллион АҚШ долларынан асты және аталған көрсеткіштің өсу болашағы бар.  

Министр Қ. Әбдірахманов шетелдік кәсіпкерлік үшін Қазақстанда қалыптасқан қолайлы жағдайларға назар аударып, ауыл шаруашылығы, аэроғарыштық және әскери-өнеркәсіптік кешен, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, «жасыл» технологиялар, туризм, білім беру саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.

Бразилия тарапы Астананы 2017 жылы ЭКСПО-ны сәтті ұйымдастыруымен құттықтап, бүкіләлемдік мамандырылған көрменің жанынан құрылған Астана халықаралық қаржы орталығы, Жасыл технологиялар және Инвестициялық жобалар мен ІТ стартаптардың  халықаралық орталықтарымен  ынтымақтастық орнатуға қызығушылық білдірді.

Қазақстан БРИКС, «G20», МЕРКОСУР сияқты әлемдік және аймақтық құрылымдарда маңызды орын алатын Бразилиямен көпжақты форматта диалогты тереңдетуге қызығушылық танытты. Еуразиялық экономикалық одақ пен МЕРКОСУР арасындағы ынтымақтастықтың дамуына екі елдің өзара әркеттестігі жағымды әсер беретіндігі айтылды. 

Тараптар БҰҰ аясында жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша өзара сындарлы іс-қимылды жалғастыруға келісіп, ядролық қаруды таратпау және халықаралық терроризмге қарсы тұруға ерекше көңіл бөлді.

Жақын арада Қазақстан мен Бразилия Сыртқы істер министрліктері өзара мүдделі басымдық салаларды қамтитын екіжақты ынтымақтастықтың «жол картасын» келістіретін болады.

 Бағдарламаға  сәйкес, А.Нунес Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шүкеевпен кездеседі.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив