Алматыда Биологиялық жəне токсинді қаруға тыйым салу туралы Конвенцияны имплементациялау жəне биологиялық қауіпсіздік мəселелері талқыланды

Алматыда Биологиялық жəне токсинді қаруға тыйым салу туралы Конвенцияны имплементациялау жəне биологиялық қауіпсіздік мəселелері талқыланды

2018 жылғы 24 қазанда Алматыда Орталық референс-зертхана (ОРЗ) базасында Биологиялық жəне токсинді қаруға тыйым салу туралы Конвенцияның (Конвенция) Имплементациялық қолдау тобының жəрдемдесуімен жəне Германия Федеративтік Республикасының қолдауымен Орталық Азия мемлекеттері үшін Конвенцияны имплементациялау жəне биологиялық қауіпсіздік мəселелері бойынша өңірлік семинар өтті.

Өңірлік семинар Конвенцияны ұлттық деңгейде имплементациялау, сенімді нығайту шаралары мəселелерін талқылау жəне биологиялық қауіпсіздік жөнінде үздік тəжірибелер мен сарапшылар пікірімен алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Семинардың ашылу салтанатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев алғы сөз сөйлеп, Қазақстан халықаралық жаппай қырып-жою қаруын таратпау үрдісінің белсенді қатысушысы жəне Конвенцияның мақсаттары мен міндеттеріне бейілді екенін айтты. Қазақстандық дипломат таратпау режимін нығайтудағы Конвенцияның рөлін, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастық арқылы Конвенцияны имплементациялау бойынша тəжірибемен алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Семинарға Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, халықаралық ұйымдар өкілдері жəне биологиялық қауіпсіздік саласындағы қазақстандық бейінді ведомстволардың сарапшылары қатысты. Семинар қатысушылары Алматыдағы ОРЗ қызметімен танысты.

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив