Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-елдерінің білім министрлерінің жетінші Кеңесінің қорытындысы туралы

Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-елдерінің білім министрлерінің жетінші Кеңесінің қорытындысы туралы

2018 жылдың 17 қазанында Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мүше-елдерінің білім министрлерінің жетінші Кеңесі өтті.

Кеңестің жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы Университеті Ректоратының (бұдан әрі - ШЫҰУ) және Қазақстан Республикасы ШЫҰУ бас (негізгі) университеттерінің ықпал етуімен ұйымдастырылған болатын.

Кеңеске Үндістан Республикасы Адами ресурстарды дамыту жөніндегі бас министр Сатья Пал Сингх, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев, Қытай Халық Республикасы Білім министрінің орынбасары Линь Хуэйцин, Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрі К.Г. Кожобеков, Пәкістан Ислам Республикасы Жоғары білім жөніндегі комиссияның атқарушы директоры А. Али, Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары М.А. Боровская, Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Н. Ализода және Өзбекстан Республикасы Жоғары және орта арнайы білім беру министрінің орынбасары У.Ш. Бегімкулов қатысты.

Кеңестің жұмысына ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары А.А. Носиров қатысты.

Кеңесте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев төрағалық етті.

Кеңестің өтуі барысында делегация басшылары 2018 жылдың маусым айында Циндао қаласында өткен ШЫҰ мүше-елдері Басшыларының отырысында қол жеткізілген уағдаластықты іске асыруды қамтамасыз ету мәселелеріне бірінші кезекте назар аударды. Онда оқытушылар мен студенттерді алмастыру аумағындағы ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты форматта одан әрі дамыту, бірлескен ғылыми жұмыстарды, академиялық сапарларды, тілдік курстарды жүргізу, кәсіптік оқыту мен жастарды алмастыру мәселелері қамтылған болатын.

Олар Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-елдері басшыларының жастарға айтқан Бірлескен үндеуін ерекше атап өтті және Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-елдерінің басшылары Кеңесінің шешімімен бекітілген Жастарға арналған бірлескен үндеу ережелерін іске асыру бойынша Іс-қимылдар бағдарламасын орындау мақсатында тиісті жұмысты жүргізуге дайындығын білдірді.

Кеңестің қатысушылары ШЫҰ мүше-елдерінің ұлттық білім беру жүйелерін дамыту және жаңғырту туралы мәселелерін, сондай-ақ     2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

Тараптар ұлттық білім беру жүйелерін жаңғырту бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат алмасуды министрлік арасында да, жоо арасындағы ынтымақтастық шеңберінде де, ректорлар форумында, ғылыми конференциялар мен ғылыми-педагогикалық және студенттік симпозиумдарда кеңейтуді орынды деп таныды.

Олар 2017-2018 жылдардағы кезеңде 2006 жылғы 15 маусымдағы білім беру аумағындағы ынтымақтастық туралы ШЫҰ мүше-елдерінің үкіметтері арасындағы келісімді іске асыру бойынша Іс-шаралар тізбесінің сәтті іске асырылғанын атап өтті.

Делегация басшылары 2019-2020 жылдарға арналған 2006 жылғы 15 маусымдағы білім беру аумағындағы ынтымақтастық туралы ШЫҰ мүше-елдерінің үкіметтері арасындағы келісімді іске асыру бойынша Іс-шаралар тізбесін бекітті.

Кеңестің қатысушылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы Университетін бекіту және жұмыс істеуі туралы ШЫҰ мүше-елдері үкіметтерінің арасындағы келісімді іске асыру туралы келісті.

Тараптар ШЫҰУ жеті дайындық бағыты бойынша бірлескен магистрлік білім бағдарламаларын тиімді іске асырып жатқандығын ризашылықпен атап өтті, олар мыналар: өлке тану, экология, энергетика, IT-технологиялар, нанотехнология, педагогика, экономика; жеті бағыт бойынша магистрларды қолданыстағы бірлескен дайындықтың негізінде  бакалавриат және аспирантура/докторантура (PhD) деңгейінде бірлескен дайындық дамуда.

Делегация басшылары білім қызметкерлерін ынталандыруға, олардың мінсіз жұмысқа қызығушылықтарын арттыруға, кәсіби деңгейін жоғарылатуға, өзінің қызметтік міндеттерін дер кезінде, сапалы әрі ерікті орындауға бағытталған ШЫҰ білім беру жүйесінің Құметті жұмысшысы туралы құжаттарды әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

Олар ШЫҰ мүше-елдері білім министрлеріне «ШЫҰ кеңістігінде орта кәсіптік білімді жетілдіру жағдайы мен келешегі» баяндамасын негізге алды. Тараптар ШЫҰ кеңістігінің индустриалдық-инновациялық дамуын ескере отырып орта кәсіптік білім беруді жаңғырту мәселелерін талқылады.

Кеңестің қатысушылары ШЫҰ бас хатшысының Бейжің қаласында ШЫҰ Хатшылығы жанындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің Жастар лигасын құру бойынша бастамасын мақұлдады және Ұйымның қалған мүше-елдері аумағында осындай ШЫҰ Жастар лигасын құру идеясын ШЫҰ елдерінің жас мамандары мен жоғары оқу орындары студенттерінің арасында сұхбат пен алмасуды, бірігудің бірыңғай платформасын құру мақсатында, сондай-ақ жастардың орнын өз елдерін, өңірлерін және жалпы ШЫҰ дамыту ісінде нығайту үшін қолдады.

Делегация басшылары ШЫҰ Хатшылығының «ШЫҰ моделі» интерактивті ойыны мен «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» конкурсын өткізу бойынша жұмысына оң баға берді және ШЫҰ Хатшылығының «ШЫҰ жастары лаңкестік пен экстремизмге қарсы» атты ШЫҰ елдерінің жастар Ассамблеясын өткізу туралы ұсынысын қабыл алды (Дунфан қ., 8-12 қараша 2018 жыл).

Олар ШЫҰ мүше-елдерінің білім алушылары арасындағы Ұйым туралы үздік ғылыми мақалаға өткізілетін конкурсты марапаттайды.

Тараптар Душанбе қаласында 2018 жылдың 22-23 қарашасында «Шексіз білім беру» атты ХІІ Білім аптасын өткізуге дайындықтарын білдірді және 2019 жылы Қырғыз Республикасында «Шексіз білім беру» ХІІІ Білім аптасын өткізу идеясын қолдады.

ШЫҰ Ресей Федерациясының төрағалығы шеңберінде ШЫҰ мүше-елдерінің білім министрлерінің сегізінші кеңесін Ресейде өткізуге уағдаласты.

Кеңестің қатысушылары көрсетілген қонақжайлық пен ШЫҰ мүше-елдерінің білім министрлері кеңесінің жетінші отырысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны мен өткізгендігі үшін қазақстандық тарапқа ризашылық білдірді.


ҚР БжҒМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив