«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Өзбекстанның Ұлттық телерадиокомпаниясымен серіктестік жайлы меморандумға қол қойды

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Өзбекстанның Ұлттық телерадиокомпаниясымен серіктестік жайлы меморандумға қол қойды

Астана қаласында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен жыл сайын өтетін халықаралық Astana Media Week форумының аясында «Қазақстан» РТРК» АҚ мен құрамына 20-дан астам Өзбекстанның үздік арналары кіретін Өзбек Ұлттық телерадиокомпаниясы арасында серіктестік жайлы меморандум бекітілді. Екіжақты құжатқа Қазақстан телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин мен Өзбек Ұлттық телерадиокомпаниясының басшысы Әлішер Хаджаев қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты – Орта Азия елдерінің медиакеңістікте бірігіп, ортақ жобаларды жүзеге асыру. Серіктестіктің басты бағыты көрермендерді сол елдердің мәдени және тарихи құндылықтарымен таныстыру, сондай-ақ тәжірибе алмасу.

Бұл меморандум  «Қазақстан» корпорациясының медиаактивтері мен Өзбекстанның 20 дан аса телеарналары және радиолары арасында еркін формада бірлесе отырып, жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, екі корпорацияның құрамына кіретін теларналар мен радио қызметкерлері халықаралық семинарлар мен тренингтерге қатысып, тәжірибе алмасады.  

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы әлемдік теленарыққа шығуға бағыт алады, сондықтан халықаралық қатынастардың дамуына үлкен мән беруде.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив