Брюссельде Қазақстандағы Омбудсмен мекемесінің  қызметіне оң баға берілді

Брюссельде Қазақстандағы Омбудсмен мекемесінің қызметіне оң баға берілді

Брюссель қаласында  (Бельгия) Еуропалық Одақ пен БҰҰДБ арасындағы жыл сайынғы кеңестер шеңберінде «Орталық Азиядағы заң үстемдігі және адам құқықтары саласындағы өңірлік ынтымақтастық" тақырыбында презентация өтті. Оның жұмысына Орталық Азия елдерінің парламенттерінің, үкіметтерінің, ұлттық құқық қорғау мекемелерінің (ҰҚҚМ), сондай-ақ азаматтық секторының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында өңірлік құқық қорғау ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды, бірлескен жобалар шеңберінде іске асырудың басым бағыттары, сондай-ақ шешілуі өңірлік өзара іс-қимылды талап ететін адам құқықтары саласындағы проблемалық мәселелер мен сын-қатерлер белгіленді.

Қазіргі уақытта Орталық Азия елдерінің ҰҚҚМ-і әріптестіктің, соның ішінде Орталық Азиядағы ҰҚҚМ (CASI NHRI) және құқық қорғаушылардың аймақтық платформасын қолдау жөніндегі бірлескен бастаманың шеңберінде оң тәжірибесін көрсетіп отыр.

Аталған серіктестіктің бастамашысы БҰҰДБ мен БҰҰ АҚЖКБ өңірлік өкілдіктерінің қолдауымен Қазақстан Омбудсменінің мекемесі болып табылады. Серіктестік 2017 жылы Алматыда Орта Азиялық омбудсмендердің кездесуі барысында басталды, ол осы жылдың ақпан айында Женевада ҰҚҚМ Ғаламдық Альянсының жыл сайынғы отырысының шеңберінде осындай кездесуде бекітіліп, онда бірлескен жұмыстың "жол картасы" әзірленді.

Жоғарыда аталған халықаралық ұйымдардың пікірі бойынша, Қазақстан бүгінгі күні адам құқықтарын қорғау саласындағы өңірлік әріптестіктің көшбасшысы болып танылып отыр. Осы тұрғыда Қазақстанның көші-қон және гендерлік саясатындағы, балалардың құқықтарын қорғаудағы оң тәжірибесі оны Орталық Азия елдерінде қолдану мақсатында қарастыруға ұсынылуы мүмкін.

 

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив