Қазақстан мен Түркіменстан ратификациялау грамоталармен алмасты

Қазақстан мен Түркіменстан ратификациялау грамоталармен алмасты

Ақтау қаласындағы Каспий саммиті алаңында Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау жөніндегі грамоталармен алмасу рәсімі өтті. Тиісті хаттамаға Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Түркіменстанның Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қол қойды.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартқа 2017 жылдың 18 сәуірінде Астанада президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойды. Бұл құжат екі ел арасындағы тең құқылық, өзара сенім және жан-жақты ынтымақтастық негізінде стратегиялық әріптестік қатынастарды орнатады, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды қазақстандық-түркімен ынтымақтастығының әлеуеті мен өзекті қажеттіліктеріне сәйкес сапалы жаңа деңгейге шығарады.

Аталған Шарт өзінің ережелеріне сәйкес үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде күшіне енеді.

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив