Жалпыеуропалық өзара іс-қимыл бойынша кезекті Қазақстан-Ресей консультациялары туралы

Жалпыеуропалық өзара іс-қимыл бойынша кезекті Қазақстан-Ресей консультациялары туралы

Қазақстан Республикасының СІМ және Ресей Федерациясының СІМ арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко арасында жалпыеуропалық институттармен, өңірлік және еуропалық қауіпсіздікпен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша консультациялар өтті.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын екіжақты Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін қарастырды. Еуропалық Одақпен, ЕҚЫҰ-мен және басқа да халықаралық институттармен қарым-қатынастар контекстінде екі елдің тәсілдерін талқылауға ерекше назар аударылды.

Р. Василенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол екіжақты деңгейде де, өңірлік ұйымдар шеңберінде де өзара сенімге негізделген ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Өз тарапынан А. Грушко Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша үдемелі дамудың тұрақты серпіні бар екенін атап өтті.

Іс-шара нәтижелері бойынша консультацияларға қатысушылар күн тәртібіндегі талқыланатын мәселелердің өзектілігін және осындай кездесулерді өткізудің пайдалылығын атап өтіп, оларды алдағы уақытта жалғастыруға келісті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив