Қазақстан Сыртқы істер министрі ресми сапармен Мәскеуге барды

Қазақстан Сыртқы істер министрі ресми сапармен Мәскеуге барды

Ресми сапар шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Мәскеуде Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Қазақстан Сыртқы саяси ведомство жаңа басшысының алғашқы екіжақты сапары РФ Сыртқы істер министрінің шақыруымен өтті.

Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволар басшылары саяси және экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің түрлі аспектілері бойынша пікір алмасты.

Сұхбаттастар Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының дәстүрлі жоғары деңгейін белгіледі. Б. Атамқұлов Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында екі елдің қарым-қатынасын сипаттай отырып, оларды мемлекетаралық қарым-қатынастардың үлгісі екендігін атап өтті.

Сыртқы саясаттың экономикалық құрамдас бөлігін нығайту жөніндегі ҚР Сыртқы істер министрлігіне жүктелген міндеттерді ескере отырып, сауда-инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне, көлік-транзит, отын-энергетика және әскери-техникалық саладағы жағдай мен болашаққа, сондай-ақ Байқоңыр кешені бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Келіссөздердің маңызды бөлігі ретінде екі елдің өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара әрекеті болды.

Келіссөздер барысында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі қорытындыланып, көпжақты форматтағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы талқыланды. Екі ведомство басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымдарын тексеріп, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді үйлестіруге қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық іс-шаралары жоспарына қол қойылды.

Жалпы алғанда, сындарлы сыртқы саяси ынтымақтастықтың маңыздылығы мен екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету, интеграциялық байланыстарды, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мүддесі бойынша күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар СІМ-аралық өзара іс-қимылын одан әрі жылжытудың өзара рухын растады.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив