Мәжіліс педофилдер мен лаңкестердің елге кіруіне тыйым салатын заң қабылдад

Мәжіліс педофилдер мен лаңкестердің елге кіруіне тыйым салатын заң қабылдад

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдап, ЕАЭО елдерінде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялады. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Магеррам Магеррамов көші-қон және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіруге қатысты түзетулер негізгі төрт ережені қамтитынын айтты. – Көші-қон саласындағы заңнаманың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі айқындалды. Кәмелетке толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін сотталған шетелдіктердің елімізге кіруіне және Қазақстан азаматтығын алуына шектеу қойылды. Экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады. Төтенше жағдайларда мерзімі өтіп кеткен құжаттарды пайдалану мәселесі реттеледі, – деді жұмыс тобының жетекшісі М.Магеррамов. Естеріңізге сала кетейік, заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған болатын. Құжатты пысықтау барысында депутаттар «қандас» мәртебесін беру, Қазақстан азаматтығына қабылдау және оны қалпына келтіру тәртібін жетілдіруге, сондай-ақ еңбек мигранттарына бір айдан он екі айға дейінгі кез келген мерзімге еңбек рұқсатын алу және оны елден шықпай-ақ ұзарту мүмкіндігін беруге бағытталған және өзге де бірқатар норма енгізді. Сонымен қатар заңда жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге ерікті қоныс аударушылардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін конкурссыз алу құқығы да қамтамасыз етілді. – Заң жобасында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі бейнебақылау жүйелерін қасақана бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктейтін норма енгізілген. Осыған байланысты заң жобасының тақырыбы: «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп өзгертілді, – деді М.Магераммов. Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар заңды қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді. Сондай-ақ Мәжіліс 2023 жылғы 8 маусымда Сочи қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялап, Сенатқа жіберді. Құжат жөнінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндама жасады. Ол келісімнің ережелері ЕАЭО елдері азаматтарының мүше мемлекеттердің аумағында жұмысын жалғастырған кезде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелерін растаусыз тануды қарастыратынын айтты. – Бұрын ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды тану үшін жұмысқа орналасатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген білім туралы құжаттарды тану рәсімдерін жүргізу талап етілді. Келісім ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды ұлттық тану рәсімдерін жүргізбей-ақ тануды ұсынады, – деді Ғылым және жоғары білім министрі. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Дәулет Мұқаев қосымша баяндамасында құжат білім беру және ғылыми байланыстарды нығайтуға көмектесіп қана қоймай, білікті мамандардың ұтқырлығын жеңілдетіп, сол арқылы Еуразиялық аймақтағы интеграция мен ынтымақтастықты арттыратынын атап өтті. Мәжіліс қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау туралы және «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Су кодексінің жобасы мен су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ілеспе түзетулер Экология және табиғат пайдалану комитетінен Аграрлық мәселелер комитетіне берілді. Жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі де қаралды. Өткен аптада ол жаңартылған Үкімет құрамында Қаржы министрі қызметіне тағайындалған еді. Бұл ретте оның орнына Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып Татьяна Савельева сайланды. Respublica партиясы фракциясының өкілі Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаттарының қатарына қосылды. Бүгін Мәжіліс депутаты ретінде ол ант қабылдап, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды. Жалпы отырыс соңында мәжілісмендер ағымдағы әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдарға 20 депутаттық сауал жолдады. Олар Мәжілістің ресми сайты мен Telegram-арнасында жарияланды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив