Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы

Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы

Орал қаласының мамандандырылған Әкімшілік сотында «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы » атты тақырыпта дөңгелек үстел  өтті.

Іс-шараға Орал қаласының мамандандырылған Әкімшілік сотының төрағасы М.Қ.Сисенғали, судьялар Б.Т.Нұрмағамбетова, М.А.Құрмашев, А.М.Қадырова, Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры К.М.Айкенова, БҚО ПД көші-қон полиция басқармасының взвод командирі А.С.Серіков, Орал қаласы ПБ КҚҚБ бастығы Қ.М.Мұқанов, БҚО ПД көші-қон полиция басқармасының инспекторы Қ.З.Намазов және БҚО ПД көші-қон полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасы Марат Сисенғали дөңгелек үстел тақырыбында баяндама жасады. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау кезінде туындайтын мәселелерге және көші-қон қызметі жіберген негізгі қателіктерге назар аударды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын жеке тұлғалармен, яғни шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада немесе тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы туралы мәселелер талқыға салынды.

Шара қорытындысы бойынша әкімшілік хаттаманы толтыру барысында барлық іс жүргізу талаптарын сақтау және дәлелдемелерді жинау, соның ішінде заңнаманы бұзған тұлғалардың сол заңнаманы бұзу фактілерін жасағанын растайтын құжаттар іс материалына міндетті түрде тіркеу қажеттілігі, іс бойынша әуре-сарсаңға салуды жою, істі сотқа жіберу мерзімін бақылауға алу туралы іс-әрекет алгоритмі әзірленді.

 

 

Руслан Демеуов

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив